Өлең, жыр, ақындар

Жәмилаға жазылған хат

  • 07.04.2022
  • 0
  • 0
  • 694
I
Жәмила!
Бір қызға ғашық едім,
Тебіреніп теңіздей тасып едім,
Айтар сырды айтуға асық едім,
Тыңда мені, Жәмила, теріс демей:
Ертегіде, перизат, періштедей!
Білмеймін, өзімді-өзім ұға алмадым,
Болар ма, бола алмай ма бұл арманым,
Бал шәрбаты өртеді бір алманың!

II
Ғаламат сұлу, қайтемін енді көз көрсе?
Сезбеген жақсы, өртеніп оны сезгенше,
Бұралаң өмір бұрылыстарында жолығып,
Арманым бар ма, тағдырым егер кез келсе?
Өкінбес едім қыз болса егер басқалау,
Қиярсыңқалай кірпікті көзді, қасты анау!
Кезікпей оған арманда мәңгі өткенше,
Маңдайды барып ұрсам ба екен тасқа анау?
Дариға жүрек, арман-ай дерсің, арман-ай!
Ақшабақ жонды жұп-жұмыр дене балғадай,
Қос анар анау — қос тоты қонған қос
шынар,
Жап-жаңа пісіп, үзіліп түсер алмадай.
Қиылған екен балауса шашы желкеден,
Мадонна дерсің маңдайға біткен ертеден,
Ұйқыда жатқан ару ма дерсің суреті —
«Алтын ғасыр жүрегін де өртеген!

ІІІ
Жәмила!
Мен осылай бір қызға ғашық едім,
Теңіздей тебіреніп тасып едім,
Айтар сырды айтуға асық едім.
Есімі ме? Есімін айта алам ба?
Айта алмасам, арманым, жай табам ба?
Тартынайын енді мен несіне оның,
Ашық айтсам: өмірде есімі оның:
Жәмила!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Иран еліндегі төтенше және өкілетті елшісі ӘМІРЕЕВ Бағдат Құлтайұлына арнау жыр

  • 0
  • 0

Көкейіме бір шабыт құйды арманым,
Мен дағы не болар деп қиналғанмын.
Душанбе, фестивальға қатыстым да,
Памирдің бір-бір шыңын сыйға алғанмын.

Толық

Көңілім әлі жүйрік

  • 0
  • 0

Қыруар нар-өркешті қырды асса да,
Қуат бар қуып жетер кім қашса да.
Көңілім әлі жүйрік тұлпардайын,
Еңсемді талай өткен жыл басса да.

Толық

Ақын достар

  • 0
  • 0

Адалдық, ар-ожданға үлгісіңдер,
Ғажайып, ұқсамайтын түрлісіңдер.
Сендерді сағынамын ақын достар
Шартарап ой ізінде жүрмісіңдер?!

Толық

Қарап көріңіз