Өлең, жыр, ақындар

Бостандық

  • 03.04.2022
  • 0
  • 0
  • 554
Буынға бағынбайтын,
жоқ өлшемі,
Таулардың қыранындай өр еңселі.
Мертіксең,
Мертігерсің ақиқат деп,
Еркіңе қоя берем, өлең, сеңі.
Еркіңе қоя берем ноқталамай,
Мергендер көп, болғайсың оқтан абай.
Тұяғыңды тарпарсың топта талай,
Қанатыңды шарпарсың отқа талай.
Өрт өлеңнің дертінен тартына алман,
Салты қалған,
Мен үшін халқым — арман.
Аруақты бабамның көзімін мен,
Қаймағындай дәстүрді қалқып алған.
Ерке өлеңнің еркінен тартына алман,
Өмірдің бермес бағын тартып алған.
Шап-шағын өлең, саған ғасыр жүгін
Тастады иығына артып Арман.
Көтерерсің,
сен, бәлкім, жаншыларсың,
Мезгілдің — көз жасындай тамшыларсың.
Әділет,
ар-ожданмен, адалдықпен,
Ақиқат мінбесіне сан шығарсың.
Құлақ түріп даусыңа достар бүгін,
Тілеулес көңілменен қосқанда үнін.
Биігім — ар-ожданның мінбесінен,
Сөйле,
менің өлеңім,
бостандығым!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дәл осы кез...

  • 0
  • 0

Жасама, жасай көрме, сенімге иттік,
Тірлік құйын үйрілер көңілде ұйтқып.
Дәл осы кез барады Жер айналып,
Дәл осы кез барады өмір жүйткіп!

Толық

Мезгіл әуендері

  • 0
  • 0

Ұқсайды бұл шақ елеске,
Құйындай құйғып өткен бір.
Өмірге келген нәресте,
Өмірге келген көктем бұл.

Толық

Менің ана тілім ғой...

  • 0
  • 0

Қайран өмір қайта оралмас енді бір,
Дөңгеленген жеткізбейді жер жұмыр.
Адамдарға бір келетін тірлікте,
Я, Құдайым, мырзалықпен бер ғұмыр!

Толық

Қарап көріңіз