Өлең, жыр, ақындар

Сапарлар...

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 448
Сапарлар...
Сан тағдырды сыйлапты алдан,
Сапарлар...
Сан тағдырлы күйді ақтарған,
Тарихи теңіздердің толқынында,
Қаншама корабльдер қирап қалған.
Күнартынан
Зымырап күн өтуде,
Асыққан
Құпиясын сыр етуге.
Бір қатесі жетеді капитанның
Корабльдіңғұмырын күл етуге.
Қайғылар ұмытылып,
Қалықтар күн...
Айыбын ғасырлардың анықтар кім?
Қатесі емес,
Бастаушы капитанның,
Қатесі емес,
Жолаушы халықтардың.
Уақыт —
Сенің ғана саң күнәң бар,
Тұншығып ұшандарда қалды жандар,
Теңізде жолаушылар саулығы үшін,
Рульде капитандар, қалғымаңдар!
Бақытың боп шығады қай іс келіп,
Адамзат!
Тағдырыңмен сайыс берік.
Үштен бірі көрінер құпиялы,
Тағдыр деген ең алып айсберг!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аппақ қырлар аспан берген несібе

  • 0
  • 0

Аппақ қырлар аспан берген несібе,
Мезгілінен жауса дағы кешіге.
Жауды дейсін шежіредей шешіле,
Қыс айының ілескендей көшіне.

Толық

Бір белгі қалып жатты кез-кезімен

  • 0
  • 0

Бір белгі қалып жатты кез-кезімен,
Жүрекпен қашып жазып, сөзді өзімнен.
Ғажапқа куә болып екінші рет,
Көрдім мен Абай тойын өз көзімен.

Толық

Күнәмді кешір, болса егер

  • 0
  • 0

Күнәмді кешір, болса егер,
Жаратқнн Құдай — сол шебер.
Пендеңнің бірі мен едім,
Азапты мүмкін мол шегер.

Толық

Қарап көріңіз