Өлең, жыр, ақындар

Екі сурет

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 518
Екі бірдей суретін көрсетіп:
Мынау кім? — деп,
Ақын аға сұрады;
Өмірінің екі кезін өлшетіп,
Менің балаң көңілімді сынады.
Мынау — жастау,
Мынау — кәрі кезім деп,
Мынау — ойлы,
Мынау — ақын кезім деп,
Мынау —даңқ,
Мынау — тұнған сезім деп,
Бірақ мұның екеуі де өзім деп...
Үнсіз қалды.
Ұққым келіп жұмбағын
Мен қараймын.
Сөнгендей ме көзде үміт?
Жүрегінде ұялаған мұң барын,
Отыр ақын жанарымен сездіріп.
Сыры неде?
Алданүмітүзбеген,
Жастауының дұшпаны жоқ,
Досы көп.
Даңқты емес,
Атақ шенді іздеген,
Кәрісіңің достарымен хошы жоқ.
Таланты өлді,
Өксіп жылап өкпелі,
Бірте-бірте жоғалтты да ұятты...
Бұл күндерде ұмыт болған отдемі.
Ең алғашқы махаббаты сияқты.
Кештер менен жиындарда кез келген,
Жағымпаздар қолпаштаған сөздерден,
Дұшпан ойын сақтап жүрген көздерден,
Шынқорқады.
Бұл күнде ол өзгерген.
Бақытқұсын қондырыпты-ау солтаңы.
Жырлары ол кез
Шуақтай бір жылы еді.
Бұл күндерде
Көп мақтаудан қорқады,
Жамандаудан қаймықпайтын жүрегі.
Жастауының
Талантына жүгінген,
Кәрісінің
Шеніне бас иеді.
Содан да ол —
Бақыт қонған бүгіннен,
Кешегі бір ақын кезін сүйеді!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Елдің қамы - елбасының жолдауы

  • 0
  • 0

Халқым күткен Елбасының жолдауын,
Елбасымыз күткен Елдің қолдауын,
Бізге керек түсіністік, парасат,
Бәрі осы ақындықтан толғауым.

Толық

Шөлдеп өткен қазақпын

  • 0
  • 0

Шөл даламын,
Бостандыққа шөлдеген,
Шөл даламын,
Өксік ойлар кернеген.

Толық

Көше бұрылысындағы кездесу

  • 0
  • 0

Бір жайды айтсам деймін сыры қысқа,
Сыры қысқа болса да, жыры нұсқа:
Қаланың көшесінде екі мәрте
Екі дос кездескен-ді бұрылыста...

Толық

Қарап көріңіз