Өлең, жыр, ақындар

Сені іздеп шыққан жолдарым

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 692
Сені іздеп шыққан жолдарым,
Сезімді баптай білген бе?
Мен кімге ғашық болмадым,
Өзіңді таппай жүргенде.
Телміріп жанар тұрды көп,
Талайдың ұнап мінезі.
Өзіңді таппай бұл жүрек,
Жүз қызды сүйген бір өзі.
Өмірді ұқсам теңіз деп,
Толқыған толқын көзімін,
Ақыры тапты сені іздеп,
Жүз қызға кеткен сезімім.
Армандай жүзген кездерден,
Аяулы жар боп табыстық.
Өшіріп отты көздерден,
Жүз қызды кеттің алыс қып.
Ұмтылған сол бір жолдарым,
Сен барсың қазір бір менде,
Мен кімге ғашық болмадым,
Өзіңді таппай жүргенде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір жолы алда тұр

  • 0
  • 0

Өмір жолы алда тұр,
Машина жол – ол да тұр.
Темір жолмен жарысқан,
Жалғыз аяқ жол жатыр.

Толық

Көрген жерден шошыма

  • 0
  • 0

Көрген жерден шошыма,
Ойсыз сөзді тез айтпа
Айрылмастай досыңа,
Қайрылмастай сөз айтпа.

Толық

Ұсыныс

  • 0
  • 0

Қызыл Кітап, Қызыл Кітап тізімі,
Жылдан-жылга кебеюде қызығы...
Азайды Аққулар да, Қырандар да,
Ақ бөкен, Ерке жүйрік Бұландар да,

Толық

Қарап көріңіз