Өлең, жыр, ақындар

Сыңсып қайың тіл қатпаған

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 670
Сыңсып қайың тіл қатпаған
Шақта кешкі, күн батпаған.
Бақта бір қыз жылап отыр,
Неге екені жұмбақ маған.
Біле алмадым: намысты ма,
Көзден ыстық бақ ұшты ма?
Оралмайтын қайран бақыт
Осы бақта табысты ма?
Сенемін деп алданды ма?
Алдандым деп арланды ма?
Жапа-жалғыз жылайды өксіп,
Қайран жүрек арманды ма?
Жылап дерттен айықты ма?
Ұқсайды өзі байыптыға.
Кінәлі ме біреу оған,
Бәлкім, өзі айыпты ма?
Сыңсып қайың тіл қатпаған
Шақта кешкі, күң батпаған,
Бақта бір қыз жылап отыр,
Неге екені жұмбақ маған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көше толы шешен көп

  • 0
  • 0

Көше толы шешен көп
Көше толы көсем көп.
Лондон ақын қала екен,
Лезде жауған нөсерлеп.

Толық

Бір ел бар

  • 0
  • 0

Сөйлейді тілден бал тама,
Өмірі тәтті — түгел бал.
Әлемдік ұлы картаға
Түспеген әлі бір ел бар!

Толық

Бұл Ақмола, Ақмола...

  • 0
  • 0

Бұл Ақмола, Ақмола..
Ұлы тарих Сан ғасырды көрген жер,
Жау-дұшпаннан талай қатер төнген жер.
Тұңғыш қазақ Президенті — Нұрсұлтан,

Толық

Қарап көріңіз