Өлең, жыр, ақындар

Төл теңгеміз туралы

  • 31.03.2022
  • 0
  • 0
  • 654
Туымды желбіретіп жел кереді,
Еліме осы еді ғой ең керегі.
Алтын орда заманынан бұл-бұл ұшып,
Тағдырым табыстырған теңгем еді.
Не бір ой мүжіп жеген ой адамын,
Кеудемнен сейілгендей кей алаңым.
Телмірмей теңгем барда тебіреніп,
Енді мен тәуелсізбін дей аламын.
Түскендей әсері бар сөзі аспаннан,
Шет жұртқа телмірдік-ау көз ашқаннан.
Енді мен бақыттымын, өгейсініп,
Басқа көз қарамайды өз ақшамнан.
Қол жетті алтын, лағыл, маржанына,
Бұрылып қарай алман жан-жағыма.
Басқа емес қарайды енді өз көзіммен,
Өмірдің қымбаты да, арзаны да.
Елұран, елтаңбамыз енгенменен,
Егемен ту көтеріп келгенменен.
Нұр-аға, арманың көп, арманыңжоқ
Орнықты тәуелсіздік теңгеңменен!
Мен айтсам, бұл қазақтың бағын айтам,
Өмірді сүйіп тұрып сағына айтам.
Алдымнан шықты бүгін жүз қаралық,
Тұғырға қайта мініп Абылай хан!
Кей дұшпан қамықты іштей, қатты өкінді,
Бұл іске досым түгіл жат шоқынды.
Халқымды демеп қолдап Әбілхайыр,
Оянып әруағы таққа отырды.
Жаратқан жазмышына жұбанайын,
Туған ел тәубе десіп қуанайын.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Тіріліп қайта көрді ұлы Абайын.
Өлмейтін тұлғаларын Отан көрді,
Бақытын, болашағын ботам көрді.
Тәуелсіз туған елдің теңгесімен,
Қазақтың өміріне Шоқан келді.
Ақыр қайыр жөнелер жол бұраңмен,
Бастаған батырлардай қолды ұранмен.
Өз күйін бастап кетті Құрманғазым,
Екінші Ана тілім — домбыраммен.
Мен неге Жамбылдайын, сыйынбайын,
Жүйрігім оза шапты құйындайын.
Алатауды жаңғыртып жырлай келді
Ақиық ақын атам Сүйінбайым.
Қуанбай қай қазағым жай таба алды,
Құшағын Алатауым айқара алды.
Әруақты бабамыз Әл-Фараби,
Туған қазақжеріне қайта оралды.
Күз келіп көк аспанда ұшқан бір күн,
Көктемде оралғандай құстар бір күн.
Көшетін қолдан-қолға ұлыларды,
Аялап алақанға ұстар жұртым.
Аз емес пайғамбардай сыйынары,
Халқымның табынатын пірі бәрі.
Өмірдің жыры мәңгі тоқтамайды,
Жырлай бер қазағымның ұлылары!
Дүние дөңгелеудей дөңгеледің,
Өзі тауып жатады ел керегін.
Қазақ қазақ болғалы қолға ұстаған,
Құтты болсын, ағайын, теңгелерің!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қариям

  • 0
  • 0

Үлкендік деген,
Кісілікке бастайтын жол,
Үлкендік деген,
Асып та таспайтын жол.

Толық

Біздің ғасыр

  • 0
  • 0

Түнгі он екі болғанын көріп біліп,
Кеудемді билеп алды көрікті үміт.
Өмір! Саған арнаған Өлең жаздым,
Бүгінді Ертеңіме жолықтырып!..

Толық

Көл, бұлақ, теңіз қанша нұрлы небір

  • 0
  • 0

Көл, бұлақ, теңіз қанша нұрлы небір,
Дария, өзен қанша сырлы не бір...
Тұңғиық тереңіне сүңгісем деп,
Жағаңда, тік жарыңда тұрмын, Өмір!

Толық

Қарап көріңіз