Өлең, жыр, ақындар

О, жаратқан басымды ием...

  • 31.03.2022
  • 0
  • 0
  • 729
Адамнан үстем тұрған ғасыр кием,
Жарықтық ата-бабам асыл кием.
Тәңірім, жаратыпсың қазақ етіп,
Сол үшін, О, жаратқан басымды ием!
Тартпаймын дұшпаным мен жауымды алға,
Тағдыры өткен боран, дауылдарда.
Мен қазақ болғаныма мақтанамын
Алдымда Алатаудай тауым барда!
Сонша жер — сыймай терең жанарларға,
Тартқан ғой Тәңір бізге ғаламды алға.
Мен қазақ болғаныма разымын,
Осынау Сарыарқадай далам барда!
Туған жер — сағынышым шөлдегенде,
Көздерін алартады көлденең де.
Құдірет тәңір бізге қараспаса,
Осынша қазаққа кең жер берер ме?!
Қазақтың қасиеті тіл мен күйде,
Қазақтың құдіреті — жер мен күнде.
Халқымның жармасады балағына,
Мына бір қасиетсіз үрген кімге?!
Айтыпты көсем қазақ көрегенім,
Ит үрер, керуен көшер деген елім.
Тәңірім жаратқасын қазақ етіп,
Хақым жоқ мақтанбауға неге менің?
Келеді менің таңым атып бүгін,
Көтерген ата-бабам Уақыт жүгін.
Тәңірім, Жаратушым жар бол өзің,
Мен — қазақ болған үшін Бақыттымын!

5 қазан 1997 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күзде құстар тастап ұшар ұясын...

  • 0
  • 0

Кезем десең дүние неткен кең еді,
Теңіздерден көрем жүзген кемені.
Тұрақтамай көкте бұлттар жөңкілген,
Тұрақтамай жел де сапар шегеді.

Толық

Коррида

  • 0
  • 0

Толмаған-ау осынау көпке жай іші,
Атып шығып шешілгенде қайсысы,
Испан ұлты мақтан тұтар стадион,
Адам менен бұқалардың сайысы!

Толық

Төр

  • 0
  • 0

Өмірге Адам болып келдің екен,
Бауырым, буынғайсың белді бекем.
Есіктен аттағанда елің тұрып,
Алдыңа сыйлай салмас төрді бекер,

Толық

Қарап көріңіз