Өлең, жыр, ақындар

Ең үлкен сенсің, ең жақсы...

  • 31.03.2022
  • 0
  • 0
  • 462
Ең жақсы күн — бүгін...
Поль С. Брэгг

Баулысаң баулы қызынды,
Баулысаң баулы ұлыңды,
Ең үлкен күнә — қорқыныш,
Ең жақсы күн — БҮГІНГІ!
Үйіңде, түзде, жолда да,
Ұл-қызға үйрет толғана,
Ең жақсы қала әлемде,
Сен өмір сүрген сол қала.
Таңдап, талғап болдыңыз,
Байлық, алтын мол күміс,
Ең үлкен жұмыс, ең жақсы,
Өзің сүйген сол ЖҰМЫС!
Бар етеді болар іс,
Арман — ұзақ, жол — алыс,
Қол босамас жұмыс бұл —
Ең бір үлкен ДЕМАЛЫС!
Көрінгенге қайғыру,
Қанатыңнан қайырылу,
Ең бір үлкен кемшілік —
Үмітіңнен айырылу!
Кімнен барып өш алдық,
Күдіктеніп досаңдып,
Адамдарды ЖЕККӨРУ –
Ең бір үлкен осалдық!
Бере қалсаң кеңшілік,
Кеуде кесіп өрсініп,
Орнын білмей көп сөйлеу —
Ең үлкен бір ЕРСІЛІК!
Дәннен толар мол астық,
Жасқа біздер жол аштық.
Күдікшілдік күдіктер —
Ең үлкен бір оғаштық!
Адастырған қаперді,
Жауықтырған жат елді.
Өтірікші адам бұл —
ЕҢ ҚАУІПТІ қатерлі!
Іздейтінін өмірден,
Дүние де кеңір кең.
Араласу адаммен —
Қажеттілік ЕҢ ҮЛКЕН!
Жалғыз-жалғыз АЙ—КҮНІҢ,
Өмірде көп қайғы-мұң.
Он екі мүшең саулығы —
Ең үлкен бір БАЙЛЫҒЫҢ!
Тағдыр кейде қатал-ақ,
Көрген талай шапағат.
Өмір сыйы — ең үлкен,
Тәңір сыйы – МАХАББАТ!
Жүдесең кейде жұтап бір,
Жайқала өскен бұтақ тұр.
Ең үлкен досың — адал дос,
Жаныңа жолдас КІТАП БҰЛ!
Және бір досың — адалдық,
Адалдықтүбі — адамдық.
Ең үлкен жауың өмірде —
Қызғаныш пен сараңдық!
Тәңірім, Аллам — ұлы күш,
Біз адамдар құлымыз.
РУХАНИЖАҢҒЫРУ –
Өмірде үлкен құбылыс!
Шен құмарлар сүйген іс,
Жандағы бір күйзеліс.
Кеуде қағып дандайсу —
Ең үлкен бір жиіреніш!
Талай аштық, болды жұт,
Бір осалдық — сорлылық,
Ең үлкен бір жиіркеніш —
Рақымсыздық, зомбылық!
Талай-талай төр көрдім,
Өмір көрдік, ел көрдік.
Жексұрындық ең жаман —
Адамдағы менмендік!
Білім бар ма тіліңсіз,
Күнің бар ма біріңсіз,
Сүріндірер үлкен тас —
Көргенсіздік, білімсіз!
Өмірінің көші бар,
Үлкен-кіші досы бар.
Ең ақылды адамның
Ойға алары осылар!
Қиял-ғажап ертегім,
Келешегім көркемім.
Ең үлкен сенсің, ең жақсы
БҮГІНІМ және ЕРТЕҢІМ!

23-24 қараша 1997 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүйрік дала

  • 0
  • 0

Қазақтың қандай шалқар кең даласы,
Жеткізбес ентіктіріп ен даласы.
Жарысып жүйрік осы даламменен,
Келемін зулап ағып мен баласы.

Толық

Перзент үні

  • 0
  • 0

Халқым бұл, топырағым өсіп өнген,
Өзімен ұлы өмірдің кешіне енгем.
Қалайша қайран тілін ұмытайын
Ақ сүтті жан анамның төсін емген.

Толық

Жалғыздық...

  • 0
  • 0

Аспанда – айым, көкте күнім байқаған,
Сезді жаным теңіз толқын шайқаған.
Жалғыз жүрек сенен тауып егізін,
Қош айтысып, жалғыз еттің қайтадан.

Толық

Қарап көріңіз