Өлең, жыр, ақындар

Кәрілікке

  • 01.12.2015
  • 0
  • 2
  • 3773
Жетелеп жетпіс алды, алпыс айдап,
Бекітіп қол-аяқты жіпсіз байлап.
Дүниенің бәрі де күңгірт тартты,
Шапшыған тұнық едім тұрған қайнап.
Ұлына бес Сыбанның сәлем дей гөр,
Жібермес жауға түстім көзім жайнап.
Кәрілік жапалаққа айналдырды,
Бұлбұл ем даусы зарлы тұрған сайрап.
Төрт арыс қадіріңді білмеуші едім,
Жат болып, менікі емес, қалдың жайрап.
Өмірдің өтпегінің белгісі жоқ,
Пәлен күн барам демес саған сайлап.
Құтырған жолбарыстай көп жұлқындым,
Я, Төңір, өзің кешір ғапу айлап.
Орныма егін ексең, мен кетейін,
Кіжінген дұшпандарым тісін қайрап.
Жақынға керегім де бар-ақ шығар,
Өкінер, көмгеннен соң әбден жайлап.
Қолменен ұстап берген кісімсініп,
Отырар қуанысып, күліп-ойнап.
Бурадан бота ажалы бұрын келмек,
Тегінде, есіне алсын оны да ойлап.
Келмейді алжып жатып өлең жазғым,
Жасыққа көрсетейін сөзден қайрақ.
Атаның аруағын қор қыларсың,
Қысаға қышымалы қотыр тайлақ.
Бәріңнің іздегенің сауап емес,
Өлді десе, шабарсың ерсіз жайдақ.
Өзіме өлім арнап жүргенім жоқ,
Толқыны дос-дұшпанның тұрса да ойда-ақ.
Көпірін құрайыштың қараған жоқ,
Артық па пайғамбардан, бұл қай қойғақ?!
Жүйесіз қарғыс табар өз иесін,
Дарақылық емес пе, міне, сойғақ.



Пікірлер (2)

БОЛАТБЕК аяулым

Бұл не сұмдық маған мынандай ақпараттардың керек емес келесі жолы пайдаға жарайтындай бір нәрсе жазыңдар

Дəулет

Мағынасы керемет, кәрілік деген қиын ғой :( Қол аяғың жіпсіз байланып қалады, жастық шақтың қадірін білу керек.

Пікір қалдырыңыз

Шәкірттеріме

  • 0
  • 1

Балалар, жат та, тұр да, білуді ойла,
Үнем түгел тұрмайды мұндай тойда.
Жігіттіктің қадірін ғылыммен біл,
Салқылық, салақтықты былай қой да.

Толық

Қалың мал туралы

  • 0
  • 0

Адамға Хауаны арнап жаратты Хақ,
Ғибрат түп атаңнан ойланып бақ.
Әлемнің тұңғыш ұлы, тұңғыш қызы -
Бұлардан басқа жандар келмеген шақ.

Толық

Ғұзыр қып қалыбынды тұт назарға

  • 0
  • 0

Ғұзыр қып қалыбынды тұт назарға,
Ақ қағаз тәштит етпе хат жазарға.
Адамның оңашада бәрі білгіш,
Түскен соң мағлұм болар сөз базарға.

Толық

Қарап көріңіз