Өлең, жыр, ақындар

Өмірден айналайын Өмір – Анам

  • 30.03.2022
  • 0
  • 0
  • 560
Өмірден айналайын Өмір – Анам,
Бір түрлі неге болсын көңіл алаң.
Құдай берген тіршілік сенің арқаң,
Кездесіп жақсылармен жолыға алам.
Кездесіп қоштасудан тұрады өмір,
Бұралаң тағдырларды бұрады өмір.
Ала құйын дауылдан бұрқ-сарқ етіп
Толқын атып қайтадан тұнады өмір.
Өмірден айналайын, өмір жақсы,
Адамдарға адамдық көңіл тапшы.
Өзіне өзгеге де түсініксіз
Тірлікте ғұмыр кешер не бір бақсы.
Құдай берген жандардың бағы қолда
Келеді сапар кешіп жаны жолда.
Кездесіп қоштасудан жалықпайды,
Адамның ғұмырының мәні сонда.
Өмірден айналайын өмір ғажап
Жүрек – жұмақ, ойласаң көңіл – тозақ.
Бұл дүниеге сенім арт, сезім кешіп
Ақтап алар, ақтайды сенім өзі-ақ.
Тұяғындай тұлпардың дүбірлестім
Бәрі осы қолдан келген ғұмыр кештім.
Өкпелесе өкпе артсын өзіне Адам,
Өкпелей де алмайды өмірге ешкім.
Ай – Күні, Жұлдыз жанған көгіне алаң
Бір құдай берген шығар тегі маған.
Мен мәңгі басымды иіп сүйіп өтем
Өмірден айналайын Өмір – Анам!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрегіме сыр

  • 0
  • 0

Шырқасам –
Сен шырқайсың, жайнатып ән,
Сөйлесем –
сен сөйлейсің қайғы атынан.

Толық

Шуағымды жандарға төксем деймін

  • 0
  • 0

Шуағымды жандарға төксем деймін,
Тамыр жаяр дәнімді ексем деймін.
Жапырағым жайқалар бәйтеректей,
Сол жасқа, Сол бір жасқа жетсем деймін.

Толық

Теңізге сәлем

  • 0
  • 0

Бір озып, әрі асқан,
Толқыны таласқан.
Жерорта теңізі,
Көгілдір көк аспан.

Толық

Қарап көріңіз