Өлең, жыр, ақындар

М, Құдайым, бере гөр

  • 30.03.2022
  • 0
  • 0
  • 559
М, Құдайым, бере гөр,
Тілеген мынау тілекті
Сөйлете гөр жүректі,
Сейілте гөр түнекті
Аман сау ет халқымды
Арқа сүйер тіректі
Бұл дүниеге пендеңнің
Бірі келіп, бірі өтті.
Я, Құдайым, бере гөр,
Тілеген мынау тілекті.
Я, Құдайым, бере гөр,
Қазағыма, халқыма,
Берген сайын Құдайым
Халқым тасып шалқыма,
Жан-жағыңа көзің сал,
Қарай-қарай артыңа,
Қарай-қарай алдыңа,
Өмірдің түсіп парқына
Я, Құдайым, бере гөр,
Қазағыма халқыма!
Я, Құдайым, бере гөр,
Қазағыма-жұртыма,
Арғы атасы — бір қазақ,
Қаны бірге ұлтыма.
Көздің жасын төккізбе,
Батырмай қайғы бұлтына
Бостандық бер әр жанға
Түсірмей темір құлпына.
Я, Құдайым, бере гөр,
Қазағыма-жұртыма!
Я, Құдайым, бере гөр,
Ғұмыры ұзақ уақыт бер
Әрбір үйге қуаныш,
Әрбір жанға бақыт бер
Әрбір қазақ тойының,
Астан дәмін татып көр
Пейіліне әр жанның
Лағыл-маржан жақұт бер
Я, Құдайым, бере гөр,
Ғұмыры ұзақ уақыт бер.
Я, Құдайым, бере гөр,
Әр қазаққа ұрпақ бер,
Ата-анаңды мұңайтпай
Ұрпағымыз шырқап кел.
Қатал әрі нәзіктеу
Жүрегіне гүл - бақ бер,
Келешегі қазақтың
Өсиет-жыр тыңдап көр
Я, Құдайым, бере гөр,
Әр қазаққа ұрпақ бер.
Я, Құдайым, бере гөр,
Ынтымақ бер қазаққа
Бірін-бірі түрткілер
Салма жанды азапқа.
Сыйластыққа шомылтып
Енді елге жұмақ бер,
Үйренген қазақ тозаққа
Я, Құдайым, бере гөр,
Ынтымақ бер қазаққа!
Я, Құдайым, бере гөр,
Биікке шыққан тау қиын
Қалдыра көрме қапыда
Тосыннан шапқан жау қиын.
Көретін көзі ертеңгі
Сыйлай гөр ұрпақ сау миын.
Діліме, тіл мен дініме
Баламды енді баулиын
Осы айтқаным, я, Құдай,
Қабыл болсын, әумиын!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сұлулыққа сөз бар ма

  • 0
  • 0

Сұлулыққа сөз бар ма,
Көретұғын көз бар ма,
Дәл осы сәт сұлусың,
Сәл тұра тұр қозғалма.

Толық

Бетбұрыс

  • 0
  • 0

Бастау қажет бәрін қайта жүректен,
Жүрек қана дүниені жыр еткен.
Жүрек қана жүректерге ғашық боп,
Жүрек қана жүректерге гүл еккен!

Толық

Қарасаз

  • 0
  • 0

Ауылың алыс күн жүрер,
Бауыры шалғай түн жүрер.
Сендей ақын тумаса,
Қарасазды кім білер.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер