Өлең, жыр, ақындар

Гимала мен Тагор

  • 30.03.2022
  • 0
  • 0
  • 501
Ұлы Адам жатыр Үнді де,
Әлемді жаулап ақыры.
Биік-төмен басқыштай,
Өмір деген сатылы.
Рабиндранат Тхакур —
Ұлы Үңдінің ақыны!
Жер жаһаннан жер-көктен
Ашылғандай оған есігі.
Толқын мұхит тербеткен,
Бенгал оның бесігі.
Калькутта да туса да,
Әлемге жеткен есімі!
Кеудеңе өлең гүл еккен,
Тұз-дәмін жырдың татыңдар.
Жетсем деп әрбір жүрекке,
Ұлты үшін туған ақындар.
Үндінің Елі сол үшін
Рабиндранат Тагормен,
Мақтануға хақың бар!
Мұхитындай Үндінің,
Жүрекке толқын тұнғаны-ай.
Не демейді кім бүгін,
Десе-дағы кім қалай!
Ұлы Ақын тумау мүмкін бе,
Таулары болса —Гималай!
Сөйледі жырым Үндіге,
Жыр тұлпарым жосқандай.
Тағдырлары тоғысқан,
Өнер — мәңгі, дос қандай.
Менің Арал жүрегім,
Мұхитына Үндінің,
Өз толқынын қосқандай!
Үнді жұртын тербеткен,
Таулары биік тірегі.
Шекспирді сөйлеткен,
Ұлы Тагор жүрегі.
Толқын болып тербелдім,
Сәлем саған, Мен келдім,
Ұлы Тагор, Ұлы Елі!
Айы жарық Күн қандай,
Жұлдызға толы аспаны.
Аспанды тіреп тұрғандай,
Гималай шынды асқары.
Ұлы ақын тумау мүмкін бе,
Елінде туса теңдессіз,
Рамаяна дастаны.
Толқыны құсты қайырған,
Мен де бір теңіз тасқыны ем.
Жолдарында жайылған,
Мрамордай тас кілем.
Гималай мен Тагордың
Ұлы Еліне —
Үнді Еліне басты ием!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Абай қабірі басында туған ой

  • 0
  • 0

Бір Алатау жерленгенге ұксады,
Халқым тауын қалай ғана қиды екен?
Жұмыр жерді орап алған құшағы,
Тар қабірге калай ғана сыйды екен?

Толық

Біреуге еркелейтін Заман ба осы

  • 0
  • 0

Біреуге еркелейтін Заман ба осы,
Бәрі де ағайынның аман болсын.
Қарбаласқан дүние арасымен,
Бастады тәуелсіздік далам көшін.

Толық

Аралға хат

  • 0
  • 0

Сырдан алсаң өмірдің қайнар басын,
Айдыныңа неге құс айналмасын.
Ақынның арманына сай болғасын,
«Толқыны көкке ұмтылған Аралым» деп

Толық

Қарап көріңіз