Өлең, жыр, ақындар

Көнемен де санасарсың

  • 28.03.2022
  • 0
  • 0
  • 404
Көнемен де күні ертең санасарсың
Өз қалпынан өзгеріп сана-салтың.
Қайта келер бабына бал қымыз да
Тоқсан қойлық торсығы, сабасы алтын.
Өз тіліне түгел ел жұрты көшер,
Сақалында сапсиып, мұртың өсер.
Қазірет пен қалпенің ұстарасы
Желке шашын еркектің бip түгесер.
Екеу болып бұрымы бip басының,
Етегі де ұзарар ұрғашының.
Күлкісіне жарасар алқасымен
Сыңғырлаған дыбысы сырғасының.
Тасыраңдаған үлгі етпей жат қылығын
Тұрмысына жұмсар ол тәттілін.
Аяулы апа болып та шығар әлі-ақ,
Тәрбиеден көрмеген «ТӘК!»-ті бүгін.
Құдайыңа құлшылық етеріңде
Құран сөзін құптатып eкi ерінге,
Tүciнepciң ағаңа астамшылық
Ең үлкені қылмыстың екені де.
Ынсабыма өлшеулі іс өнiм десек
Тәннің тазалығымен ол үндеспек.
Тәркілесең пәк жанның тәттілігін
Ол үшін тек сот caғaн өлім кеспек.
Қатыгездік қалдығы биліктегі
Ит тепкіге демессің илікпеді
Өзін өзі құртады ең ақырғы
Қармағына қарғыстың киліккені.
Креслосын олардың өртегесін
Еркін тимек өзіңе ерте-кешің.
Әкім қоймақ алдына ақындардың
Heciбeгe толтырып ел тегешін.
Шет жұрттың да асыл салт-ғұрыптарын,
Ұлылықтың небip тоқ ұрықтарын.
Салтанатпен сыйларсың келешекке
Көк байрақтың түбінде тұрып бәрің.

Ақпан, 1997 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жезқазған жыры

  • 0
  • 0

Бұл өлкеде жерлерім аз баспаған
Су сапарын бұл өлкеден бастағам.
Бұл өлкенің әусімен ұшсам да,
Көз қиығын көктен жерге тастағам.

Толық

Тағы келім Ташкентке

  • 0
  • 0

Тағы келім Ташкентке, туысыма,
Толтырам деп жемісін уысыма,
Маған деген айнымас махаббаты
Құйылар деп жүректің қуысына.

Толық

Алып – анадан

  • 0
  • 0

Әзіз жұртым!
Ол кім?
Білсең өлшемін,
Бір толғатқан олжаң емес ол сенің.

Толық

Қарап көріңіз