Өлең, жыр, ақындар

Бөркіме көзім түскенде

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 344
Иа, алдымен бөріктімін,
Сосын көне көріктімін.
Бөріктіде көне сыртын
Кім өзіне көріпті мін?!
Жолға,
Қиын өткeлi мың,
Дей алмаспын өкпeлiмiн.
Шикі күнде өзiм қойған
Күйіп-пісті өртке мінім.
Miнсізбін деп мақтанбасқа
Амал таптым бақтан басқа.
Азап-сордың тік мінезін
Тілемедім хақтан босқа.
Tiк мінездің албырттығын
Құптасам да салғырт бүгін,
Мәймөңкесіз айтып берген
Өз халқымның сол жұрттығын.
Жалпақшешей мәймөңкедей
Күн кешпеген бай мен кедей,
Keciп айтып, кең табысқан
Дарқан жатқан жайлы өлкедей.
Тура билер тіктескенде
Жақын-жаттық, тіптi естен де
Шығып кеткен. Ондай бекті
Бекер көзге түртпес пенде.
Бітіспейтін билікке мен
Би болмай-ақ шүйліккен ем.
...Атты алдына салмаған ғой
Жүлдесіз де жүйрік дөнен...
Азап менің азығымдай,
Қайғым бepiк қазығымдай
Бола жүріп, қалғандаймын
Албырт шақты аз ұғынбай.
Мен алыппын, ол бepiптi,
Үлкейтіп те үлгеріпті.
Басыма парыз баса кимек
Ол тіктірген бұл бөpiктi...

Желтоқсан, 1996 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақпарат һәм ақ бата

  • 0
  • 0

Шынымен шындық түбi десек терең,
Алдында ақиқаттың есек керең.
Eшкімді eкi ортаға жүгіртпей-ақ
Абайға мен былайша есеп берем.

Толық

Алып – анадан

  • 0
  • 0

Әзіз жұртым!
Ол кім?
Білсең өлшемін,
Бір толғатқан олжаң емес ол сенің.

Толық

Жас достардың қаласы

  • 0
  • 0

Нүрек — қала, ici қауырт, жөппелдем...
Нүрек— қала, былтыр ғана жұрт келген,
Көшелердің көп үйлері — палатка,
Көкшіл вагон доңғалаққа жүктелген.

Толық

Қарап көріңіз