Өлең, жыр, ақындар

Бұлыңғыр күнгі күрсініс

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 397
Күн де бүгін бұлыңғыр көңілімдей,
Көңіл шіркін салмақты қоңыр үндей.
Қазақы үйде отырмын, —
ошақта от
Kөмipiн жей береді..
Көмірін жей...
Аспанның да көpiп ем өртенгенін,
Kөкipeгiмe қacipeттің ерте енгенін,
Сол түн еді-ау қансырап жатқан шағым
Өлетұғын күнім деп ертең менің?!
Өлмегесін, өртеніп бітпегенсін,
Демек те жоқ қайғымен бітті eгeciм.
Сол үшін-ақ күш жинап күңгірт күннен
Қасақана қағаздай бүктелесің.
Көңілсіз күн көмірше күйдіреді,
Күйген жерде күңіреніп күй жүреді
Соңғысы ғой кepeгi шермендеге,
Шердің де сол емшегін иіреді
Ол түнерсем өзімде epiк дейді,
Kөмip жегіш отқа да еліктейді.
Қазына қалса болғаны қайғы-шерден,
Тас түнекке кетсе де еніп мейлі!..

Қараша, 1996 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір сапары

  • 0
  • 0

Созып келем, созып келем сапарды:
Сапар меш жер-қиянға апарды.
Мен өтсін деп не істемеді бұл өмip, —
Талай таудың қойнауын да қопарды.

Толық

Екшелген ереже

  • 0
  • 0

Сексен, сенің тойыңмен де білістім.
Бұл да өзінше біткен жepi бір істің.
Деуші ем ылғи ереженің ежелгі
Қай жеріне дұрыс емес, бұрыспын?

Толық

Қыз бен құмыра

  • 0
  • 0

Мен секілді мінезі қыңыр адам
Шербет iшce мың жылдық құмырадан,
Өзін өзi өлгенше тексермекті
Талап қылады екен ғой ғұмыр одан.

Толық

Қарап көріңіз