Өлең, жыр, ақындар

Ақын қызға

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 529
Бұл күндерде ақын қыздар көп бізде,
Жүргендейміз сарғаймаған көк күзде.
Бұрын көне iз бар еді. Құдайым
Шапағатын әкеліп сол төкті iзгe.
Ей, , алабұртқан бүгіндер,
Ақын қызға Фатима ана ығын бер.
Ақын қыздың ашық-жарқын қабағын
Жалпы казак жарылқайтын ұғым дер.
Фатима пip етегіне ілескен
Тікенек те түскен жерге гүл өскен.
Ғайып ерен, қырық шілтендер жeлпiнce
Жердегілер желден жұпар үлескен.
Саған сусын құмырасынан құйылған,
Пешенеңе махаббаты бұйырған.
Қарындасты қашан көрсең құдды сол
Былтыр елде айтылмаған биылғы ән.
Асыл әйел неке суын жұтқасын
Пақырға да, патшаға да ықтасын.
Бip білгенім — жаны жайсаң жігітке
Жар көзінен жалғыз тамшы шық та сын.
Kөзi — көркі жылап тұрып күлетін,
Күліп тұрып күрсіне де білетін,
Нағыз әйел пейілі ғой пейіштің,
Қылығы жоқ қыбын тауып ілетін.
Айта бepiп қайтем әйел ғазелін,
Әлпештеп-ақ келген нала, наз елін.
Ececiнe нақсүйері оның да
Ақ бетше тигізбеген аз ерін.
Бұл өлеңім ақын қызға тәуелді
Сол ғой менің аңсағаным әуелгі.
Қыз ақын-ау, мен бүйтем бе құдайым
Маған қиса сендегі әзіз әуенді?!.
Жәй тұрмыстың күйттеп шөpe-шөpeciн
Жүрмейтін сен өз бетіңше төресің
Әйел жаны түкпірінен не қилы
Еркек көзі көрмейтінді көресің.
Сондай сенде құлыптаулы жүзік бар,
Ол жылтырақ емес көзбен қызықтар.
Ойлан бірақ! Құпияңа құнтың аз, —
Марғаулықты малданып жүр бұзық қар.
Сенің тілің, ceнiң үнің, деміңнен
Көрсем деймін «сылқым сырқас» емін мен.
«Сылқым сырқас» емес саған жетім лақ
Жаттың сүтін жабағыдан емінген.
Ол — тікенек,
Тым болмаса тақырға
Ол түсердей етек тапсаң пақырға,
Жер жерлігін icтep еді қазақи,
Қылмысты етпей ақиретке — ақырға.
Ол бейшара ұқпайды ғой дұғаны,
Сенен ғана сескенеді — бұғады.
Сен айтқанды айта алса да ер ақын,
Біздің сөзді жәбірлеу деп ұғады.
Бұл фәниде маған, саған, оған да
Жат көрінбек жаман пиғыл жоқ онда.
Жүзіңді көрсетерде дей көрме,
Орын босат, біржола сен жоғал да!
Көзге тоссаң өнегелі үй маңын,
Онда да бар азын-шоғын иланым.
Жүзін жықпай, жүзігіңді көрсетсең,
Құдай оған қайтып берер иманын.
Соңғы сөзім:
Біз де — құрмет төрінде.
Бар ғой бізде өжет сөз де, өр үн де.
Біздің бақша — өз зейнетің онсыз да,
Одан түйнек ұрлағандай көрінбе...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сағыныш

  • 0
  • 0

Азығымдай қуат алған
Көңіл күйім — сағыныш,
Оралмасам қайтып саған,
Таппай қойдым бip тыныш.

Толық

Сырласу

  • 0
  • 0

Жан-жануар өсімдіктің,
Менің де анам!
Өзіңде ұқтым.
Еш кінәсіз жылы көзбен

Толық

Құрманғазы (Эпилог)

  • 0
  • 0

Оқушым! Өзің соңғы толға сырды:
Ел қашан қалдырғалы ол ғасырды?!
Ал сонау ата күйшін, өз қасыңда,
Жүрегің жүрегімен жалғас ұрды.

Толық

Қарап көріңіз