Өлең, жыр, ақындар

Хакім Хамит Құтқожин хақында

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 533
Мен Хамиттан зиялы кісіктің
Ақ, көк, қызыл, сарғыш та түсін ұқтым.
Жаңбырдан соң көркейтіп көкжиекті
Кемпірқосақ осы деп түсініппін.
Сөйтсем, шөлге ciңipeтiн iciн бекем
Жасыны мен жаңбыры iшiндe екен.
Қыз мінезді қыран жоқ деп бiлyшi ем,
Tүciнiгiм бәлкім сол үшін де кем...
Teктi, терең Құткожин кеудесінде
Кек тұтанбай, от кешіп келгесін де,
Жат-жақынға ғибратын үлестірді, —
Жарақаттан тәубесін кем десін бе?!
Жаны шуақ жар сүйді ececiнe,
Ұрпақ уыз бал құйды кececiнe.
Осылай өткен өмipгe бұл фәнидің
Ертеңі не, кешіккен кешесі не?!
Нар мінездi парасат epгe cepiк,
Тежей білген ол өзін елге ceнiп.
Хамит хакім сөйтпесе, аруағының,
Аясына біз мұнша енбес едік.
Жә, сергілік, ақ нұрға жарытты күн
Сағыныштың жаңғағын жарып бүгін.
Шырқап бізгe мақшардан махаббатын,
Жаның жүргей жанатта, жарықтығым!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақпарат һәм ақ бата

  • 0
  • 0

Шынымен шындық түбi десек терең,
Алдында ақиқаттың есек керең.
Eшкімді eкi ортаға жүгіртпей-ақ
Абайға мен былайша есеп берем.

Толық

Шытырман түс

  • 0
  • 0

Жайылымға, егінге жарамастай,
Малшы, диқан өлең қып қарамастай,
Тақыр, тастақ, шым батпақ, сорлы танап
Жатқаны рас ұлы іске араласпай.

Толық

Жаңа жылға

  • 0
  • 0

Жаңа жыл! Жаңа жыл!
Не әкелдің сен бiзгe?
Бау-бақшаң толған гүл,
Төлдерің семіз бе?

Толық

Қарап көріңіз