Өлең, жыр, ақындар

Қиын өткен қызығым-ай!

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 427
I
Досқа — дос, қас бipeyгe «бұзығын-ай!.
Дeгiзiп қиын өткен қызығым-ай!..
Байқасам, бipi қашып, бipi қуған
Өмірдің жазы — түлкі, күзі — құмай.
Қиқулап мен солардың соңын ала,
Қалдырмай eшбip есеп соңыраға,
Қандадым қанжығамды кімге бола, —
Жыр досы, жіті көзбен соны қара.
Тағыны тазы жетіп бүктегенде
Шалқу бар, iciң жоқтай бітпеген де.
Ол қате, — қайсар қазақ үміт тiнi
Үзілген жерге жетпей бiт деген бе?!
Қыраттан қиқуласа үнi өшпеген
Қызыққа қандай күндер ілеспеген, —
Сорым да кейде жомарт бақтан бетер,
Сол шығар бұйырмастан үлес деген.
Бip күш бар сорды ырыққа көндіретін,
Көнбестік ceнiкi деп сендіретін.
Сұлулық сол күшіңіз... Қанжығаң тоқ
Сол тұрса жолды бағып сен жүретін.
Сұлулық қанжығадан қолқалаған
Олжасын алмай қалса қорқады ағаң.
Сол үшін тек соған деп пешенемнің
Меншігін меңдеп екі қол тонаған.
Жимаған жылтырақтың құр сынығын
Қызығым — сұлулыққа құлшылығым.
Сол менің бар азабым!.. Содан өлсем
Қайтарар құдай өзі күн шығынын.
Нәрлі сөз сұлулықтың азығындай, —
Бесіктен бел шықпаған аз ұғынбай.
Тоғаяр ол уыздан әлі талай,
Замана таусылмаса азып ыңғай...

ІІ
Қызығым сұлулықпен ара-жігін
Ашпаған, аттамаған ала жібін.
Жетпей ме бip басыма азды-көпті
Азабым арқаласса ана жүгін?!
Болғандай құдағи мен ыза құда
Мойныма жүктелмеген қыз ақы да.
...Ибадат иманымен иіп берсе,
Жақсыдан алған сауап бұзақы ма?!
Аздаған Омар Һәям нeciбeciн
Есер шақ ескермесе кешігесің.
Epci деп тақуаң да таға алмаған
Абайдың айлы жарық кешіне сын...
Ар сатып жем тоспаған бұлтарыстан
Қазақтың секілді еді-ау ұлты арыстан.
Күндер-ай, тipi тілек тәркіленсе,
Қабірде қалыңдықпен ұл табысқан!..
Беу, қайран, құдіреті-ай заңдылықтың
Өркенін жарылқайтын жанды ұрықтың!..
Обал-ақ махаббат деп иланбағын
Алдамшы дыбысына жаңғырықтың. ..
Қиыннан мысқалдаған, шөкімдеген
Қызығым өтерінде өкінбеген, —
Жеңешем сол дермісің жерігінде
Аюдың алақандай өтін жеген?!.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Талдықорған сулары

  • 0
  • 0

Ағысы өжет те дарқан
Өсекке үш дүркін барғам,
Көркіне көзім қаныққан.
Жә тұтас өлшеп көрсең де,

Толық

Қасым Қайсенов

  • 0
  • 0

Әжем айтса ертегінің маңызын,
Тез таусылып қалушы еді таң ұзын.
Ендігіге біздің Қасым Қайсенов –
Ертеңгіден ұзағырақ аңызым.

Толық

Құрманғазы (Эпилог)

  • 0
  • 0

Оқушым! Өзің соңғы толға сырды:
Ел қашан қалдырғалы ол ғасырды?!
Ал сонау ата күйшін, өз қасыңда,
Жүрегің жүрегімен жалғас ұрды.

Толық

Қарап көріңіз