Өлең, жыр, ақындар

Не жетсін досқа сенгенге

  • 19.03.2022
  • 0
  • 0
  • 243
Апыр-ау, сенсең қайтеді,
Kiciгe сенбес қор ма едің?..
Жан баласын қайсы еді
Өтipiк сыйлап көргенім?..
Апыр-ау, неткен қиынсың,
Айтпайсың «мұнда келсең» деп.
Саған-ақ ырыс құйылсын,
Ал маған —
аздап, кем-кемдеп...
Сонда да ылғи артады-ау
О бастан ыстық пейілім;
Ыдысым, рас, орталау,
Азырақ сенен сейілім.
Иә, мен жұртқа күлмеймін
Бет-алды бекер жыртыңдап.
Сырымды сол жұрт бip мезгіл
Жүрегімнен-ақ жүр тыңдап.
Философиядағыдай,
Жаман бip жан жоқ мен үшiн.
Тапқаным ортақ тағы ұдай,
Сен үшiн өтipiк, мейлі шын...
Сенбесең, сен-ақ сенбеші,
Қашық жүр менен, қашпа да..
Қара бас қамын сен жеші,
Жұмысың болмай басқада.
Сонда да саған мен сенем
Бip күні мінін сезер деп,
Ұят қой сыртта кеңсе мен
Артынан мысқыл сөз ермек...
...Не жетсін досқа сенгенге,
Өзің боп eciк қаққасын!..
...Ұрыдан өзге енген бе
Құлыптың бұзып қақпасын.
Біл, бipaқ,
Көне бip үйдің
Бітеулей берсең тесігін,
Түбінде сол үй шіриді,
Сол — ceнімсіз eciгiң
Бұл сөзге де сенбесең,
Сенімсіз саған не дермін?..
Дәнеңем кетпес «сен» десем,
Дәнеңе де емес кедергің...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Салтанат сапары

  • 0
  • 0

Көрген талай көктің күшін, жер күшін
Сонау заңғар таудан туған дермісің,
Асқар шыңда алтын шашын тараған
Алма бетті таңнан туған дермісің.

Толық

Жақсы лебіз - жарым ырыс қана ма...

  • 0
  • 0

Адам — ағзам, жүректен жүpiп қанға,
Жақсы лебіз жан сызын жылытқанда.
Іс пен iшiн ел сүйген eтiктiгe
Терең теңіз келместей жұлықтан да.

Толық

Менің философиям

  • 0
  • 0

Үндемей, төмен үңілсем,
Kөзiмдi жұмсам, ашсам да,
Таппайсың, көңіл,
тыным сен,

Толық

Қарап көріңіз