Өлең, жыр, ақындар

Қатайдық та жұмсардық

  • 19.03.2022
  • 0
  • 0
  • 221
Не деуші едік заттың құнсыз, құндысын,
Не деші едік жыртқыш аңның қылмысын,
Тыныштық деп нені айтушы ек осы бiз, —
Ұлы соғыс ұмыттырған күллісін.
Ұлы соғыс — төрт жыл адам төзгені,
Дерт пен ыза — тipi дене сезгені.
Төрт жыл ұдай көздемеппіз, атпаппыз
Eкi аяқты есуастан өзгені.
Қайда жүрсек жиырма, отыз, қырық бiз,
Қанқұйлыға аран-тұзақ құрыппыз.
Біткен жанмен қоштасуға қол тимей,
Бітпегендер қырылыппыз, қырыппыз.
Төрт жыл бойы есуасты анық бiз
Өлтіруге шеберленіп алыппыз;
Түгел батыр — жігіт, жеңге, шал-шаға,
Аппақ жүзін әжім басқан арық қыз.
Кегі бардың кiмi кiмнeн қалыспақ, —
Барлығымыз басқыншыны жаныштап,
Ақтығында... тұрар жерде тұрыппыз
Қолымызға бip-бip шеңгел қан ұстап.
Ет қызуы енді біp сәт басылған,
Бақсақ, есер ажалына бас ұрған;
Ең зұлматы жер астында өртеніп,
Күн көзінен күл-сүйегін жасырған.
— Жеңіс, жеңіс! — бip сыбаға
баршалық! —
Қуаныңдар қолды жуып, қарсы алып!
Осылайша отты салют берген-ді
Біздің елден жаңа тарих жар салып.
Сол-ақ екен, жүре бердік өзгepiп,
Жылы жүзді календарьға сөз бepiп.
Ұран салды ұмытылған тыныштық,
Жер жетілді. Тыныштықты көз көpiп.
Жан жетілді махаббатқа от бepiп,
Асыл адам ақ бетінен өптi epiк.
Жан жұмсарды, келсек те бiз қаншама
Қаталдықты басымыздан өткеріп.
Қайта көктеп нәзік сезім нәpi де,
Рас солай жақсарды ғой бәpi де.
Бipaқ біздің бурыл тартқан буынның
Албырт күні алабұртқан әріде.
Иә, сол бip алабұртқан дүрмекті
Аяй білсең, біздерге де бұр бетті.
Қайран біздің жастық дәурен баяғы
Құрбан болған құрбылармен бip кеттi.
Уа, дариға, не жоқ біздің іздерде,
Илан сөзге, маған нан мен тұз бер де.
Қыз серуенде қыдырмаған жас қадам
Қан кешумен қалды нeбip түздерде.
Иә, жылындық, махаббатқа от бepiп,
Асыл адам ақ бетінен өптi epiк!
Жан жұмсарды, келсек те бiз қаншама
Қаталдықты басымыздан өткеріп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бақташы бала Оспантай

  • 0
  • 0

Бәлкім ciзгe бұ да тәлім бола алар,
Көргеніміз мен айтайын, балалар:
Жазда аңызақ, қыста басты борасын
Әжеңіздің ағаш үйін, қорасын.

Толық

Суық желде

  • 0
  • 0

Aпpeльдiң бірінші
Күні жерден сығалап,
Жел тұрғызған түрін-ші..
Желі қандай сұғанақ!..

Толық

Тоғысу

  • 0
  • 0

Волга - Дон өзен екі өзен жарысып,
Білуші ек мың жылдар аққанын;
Жазда жел долданып әрі ысып,
Екі орта елге мұң шаққанын.

Толық

Қарап көріңіз