Өлең, жыр, ақындар

Душанбе

  • 19.03.2022
  • 0
  • 0
  • 290
Жан Душанбе! Көп сырдың жатағысың,
Былтыр келсем, бip тәжік ата кici:
— Қарт әжедей қасиетті қышлақ, — деді,
Келген оның тап солай атағысы.
Ақын жырын қашырға бөктергенін,
Рас сенің басыңнан өткергенше.
Әзіз беттің әжімін түгел сүртіп
Жасырғанын, жанына от бергенін.
Мен бұл кездің әр көше, әр алаңын,
Жүрек лүп-лүп, жүгіріп араладым.
Асыққаннан аяқты жансақ алып,
Бақта бағзы гүліңді жараладым.
Білсінші деп Лахути Қасым ағам,
Бip ғажайып бұйыртты айды маған,
Қаса сұлу қарындас Мавджуданың
Жан Душанбе өзінен айнымаған.
Сұрар болсаң сұлудың тұрған үйін,
Мавджуда қыз —
сатушы ЦУМ-да бұйым,
Ақ пейілден, ақ қолдан тапсырары —
Ажар, шаттық адамға — асыл киім.
Жан Душанбе! Сыбаға — дүние нарқын
Ұққандықтан ол қыздың жүзi жарқын:
Жібек жіптің шетінен тұрады екен
Мың-мың жанға түйіншек үзіп әр күн.
Yнi — тілді үйірген шекер, науат,
Жарқ еткені жаныма қалды дауап.
Қалды дауа адамға әрлі cөзi,
Қара көзі қайтарған жылы жауап.
Жылы жауап, бұйымдай мол сұраған,
Самсап неше созулы қол тұр оған!
Ол еңкейсе, тақия моншағында
Қанша көздің сәулесі қалтыраған!
Қазақ айтса, Мавджуда жас құлындай,
Яки елік, жүгірер тасқа ұрынбай.
Екеу емес, арқада алпыс бұрым
Тау Памирдің құлаған тасқынындай.
Жан Душанбе! Сол қызға қарағалы,
Өзін туған ұқсатам қалаға оны.
Тұңғыш туын бақыттың сүйген сендей
Бар да шығар бip жалғыз қалағаны.
Сөйте тұра мағыналы әр аптада
Талай жанға тайқымай қарапты о да.
Өз көзімше тапсырды сыбағасын
Алақанын төсеген арабқа да.
Бүкпeci жоқ қасымыз, досымыздан,
Жататұғын ар-намыс, өciп ождан.
Жүрегі бар жалынды, арманы бар,
Айырмаң не, Душанбе, осы қыздан?!
Сен де сұлу, қайтармас қалағанды,
Түнде нұрын балқытар Қарағанды.
Нағыз асқақ өлең-жыр осы екен деп,
Ақын ceнi сыйлыққа қалап алды.
Жан Душанбе! Памирдің мәңгі досы,
Заман бойғы заңғардың мазмұндасы!
Биік жерде жетілген бepiк, таза
Махаббаттың сен де бip Мавджудасы!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Химия хикаясы

  • 0
  • 0

Өр қиялды өңкей асыл,
Білімпаздар, оқыңдар!
Химияның хикаясын
Жазып жатыр ақындар!

Толық

Фабрикада туған ой

  • 0
  • 0

Көзайым мұнда қыздар кілең
Жаумыт, теке, торқа кілем
Тоқиды екен әрқашан.
Сұлулық пен apғa шаң

Толық

Құрманғазы

  • 0
  • 0

Мұңдасы, көшкен елдің қиялдасы,
Ал, тебірен, ақ сақалды күй атасы,
Келеді сені тыңдап баяғыдан
Өлкеңнің өзен, тауы, қия тасы.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар