Өлең, жыр, ақындар

Мінез

  • 01.12.2015
  • 0
  • 1
  • 4556
Ұшқым келіп ұшайын деп бұлқынғам,
Құс екенмін қос қанаты қырқылған.
Немкеттілеу жанашырдан не пайда,
Күліп жүріп күл шашатын сыртымнан.
Осы өмірім өңім бе әлде түсім бе,
Жаным өлі, тәнім тірі пішінде.
Жүрегімді қолыма алып қызықтап,
Жүргендеймін жындыхана ішінде.
Жағдайымды түсіне ме қалың ел,
Сонша неге болдым екен әбігер.
Күле берем, күйігімді емдейтін,
Таппағасын бір дені сау дәрігер.
Шабысым жоқ бұрынғыдай, шабанмын,
Бақытты еді уайымсыз балаң күн.
Аттай алмай алдымдағы апаннан,
Артпен жүріп бара жатқан адаммын.
Бағыт сілтеп неғыласың досым-ай,
Айтарыңды ағыта бер шошымай.
Ту желкемнен қадалғанша сұр жебе,
Қыңырайып кете берем осылай...



Пікірлер (1)

Батыржан Бимаханбетов

Нағыз поэзия деп осындай өлеңдер шумағын айтуға лайық. Лирикалық иірімдері жүрек есігін қақпай-ақ кіріп, төр менікі деп қонақтай кетеді. Ешқандай күшену, өзін-өзі қинау, ұйқас қуу үшін жазылмаған жыр жолдары еріксіз қайта-қайта оқуға жетелейді. РАХМЕТ!

Пікір қалдырыңыз

Тотықұс

  • 0
  • 0

Күлімдейсің, таранасың тотықұс,
Күйің тәуір, үйің жылы осы қыс.
Міндетімді ұмытыппын күнделкі,
Маған қарап жәутеңдейді бос ыдыс.

Толық

Ақыл

  • 0
  • 0

Кей адамды данышпанға балаймын,
Кей адамды арыстан деп санаймын.
«Артын жу да мал тап» деген есекттң,
Ақылына таң қаламын Абайдың.

Толық

Мархаббат

  • 0
  • 0

Халқым менің, Қособам, қайран ауылым,
Сен деп талай қолыма байрақ алдым.
Атым озса қуанып менен бетер,
Қалып қойсам күйініп қайғы орандың.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар