Өлең, жыр, ақындар

Жастық жыры

  • 17.03.2022
  • 0
  • 0
  • 391
Не десең құптап, хош eтiп,
Жастық шақ, саған жүгінем.
Жігітше қызмет көрсетем,
Ынтыға бipгe жүгірем.
Жайраңдап келем жасқа ұқсап
Аржайы мінез, ашық үн,
Өлеңнен ыстық жастық шақ
Өлмейтін менің ғашығым.
Жүдермін бip сәт демеймін
Жүрегім сенен күй алды.
Махаббат сыйын көбейтіп,
Бөлісем шаттық қиялды.
Бөлінбес таза адалдық
Ақ, қара, сары,
құбаға.
Білем мен биік адамдық
Саған да, маған сыбаға.
Қызыңдай қызыл өңдігі
Өлшеусіз бақыт — өз гүлің.
Ғашығым менің!
Ендігі
Менен де ақын мезгілің.
Махаббат жауда жоғалып,
Жас жүрек қанша бүлінді.
— Жетті! —
деп факел жағалық.
Қорғалық еңбек, білімді
Ғашығым!
Жәбір-жапасыз
Кірлетпес жанды нақақ тат.
Жоғалсын пиғыл опасыз,
Жасасын таза махаббат!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әкелердің ізімен

  • 0
  • 0

Жүріп келеді,
Тұрып көреді ұландар
Қаһарлы жолын әкелердің.
Жөнді сол жүйе, —

Толық

Тойдан соңғы толғаныс

  • 0
  • 0

Жортуылда жолай тіккен шатырын
Тани алмай, таңырқауда батырын.
Осындайда ойдан шығып кетсе ғой
Бас ауырып, сыздағаны балтырың!..

Толық

Дүбірлі дүрмекте жазылған сөздер

  • 0
  • 0

Алғанда жау жағадан, бөpi етектен,
Қан, тepiн бүкіл қара, төре төккен.
Сұм тағдыр не салса да атам қазақ
Көрмеген күдер үзіп келешектен.

Толық

Қарап көріңіз