Өлең, жыр, ақындар

Жаназамда

Қайран қайран
Жақсы адам ем
Тимеген жұртқа зияным
Ұқсамайтын ешбір жанға қиялым
Кеше ғана байланыста ем бәрімен
Бүгінде өшік,бүгінде өшік ұялым.

Жылап тұр шешем,кетті деп бір құлыным
Басқа басқада,шешеме бөлек ұлымын
Өкпелетсемде , көңілін қаяу қалдырып
Бар екенғой ерекшелеу тұғырым

Бірге өскен достарым тұр есіне ап
Әкемде тұр Хақтың ісін мақұлдап
Кешірім сұрап ,хатпен жөнелтіп отырмын
Кей кезде болдым,мойындау керек ақымақ

Сыйым бар екен
Келіпті біраз жамағат
Ұқты сырымды
Ақ қағазбенен қалам ақ
Тәубеңе кел деп қаншама жарық таң бердің
Рақмет саған
Қош енді
Қош бол
Ғаламат





Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер