Өлең, жыр, ақындар

"Таң" журналына тағы бір әнмен байғазы

  • 30.11.2015
  • 0
  • 0
  • 6571
Кейіме, кәрі жан,
Өмірің тозғанға,
Оянып ұйқыдан,
Әнге сал қозғал да.
Жаңа тілек, жарық таң атты, міне,
Байғазы қада сен мынау жас журналға.
Аямай ақшасын
Оқысын азамат,
Еш бөгет қақпасын,
Жасасын саламат.
Ойлы, шешен, қаламды таланттылар,
Жан беріп көркейту - сіздерге аманат.
Жаны - сөз, тәні - ақша,
Бұларсыз ер жетпес,
Әсерсіз сөз жазса,
Көңілді тербетпес.
Осы екеуі пар келсе, көп жасайды,
Сөз жазып, пұл беріп - ел болса, көмектес.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тауық неге шақырар сағат сайын...

  • 1
  • 1

Тауық неге шақырар сағат сайын,
Дей ме уақыт өткенiн ұқтырайын.
Кейде зарлы дауыспен ит ұлиды,
Бiлемiсiң, қылып тұр ненi уайым?

Толық

Кәрілік – құтылмайтын бір қазған ор...

  • 2
  • 1

Кәрілік – құтылмайтын бір қазған ор,
Қайратсызға өмірдің бейнеті зор.
Өлмейтін, жазылмайтын сол аурумен
Жалғанда жан болмайды кәріден қор.

Толық

Қалжыңшыл қылжақпас

  • 1
  • 1

Жайдары күлдіргіш, қалқам,
Ұятсыз, әдепсіз, салқам.
Күлгенім бір сенің арқаң,
Ыржақта,
қылжақта, әйдә!

Толық

Қарап көріңіз