Өлең, жыр, ақындар

Жеңгелерім

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1127
Мен үшін тосуға әзір желге демін
ең жақын жандарым бар елде менің.
Жұлдыз жоқ демесеңдер кеудесінде,
әрқайсы елестетер Еңбек ерін.
Жайраңдап, жарқылдасып жүрсіңдер ме,
аяулы қайран менің жеңгелерім?!
Сендерге қатыстыдай жан арманым,
тапсам деп көңілімді алаңдадың.
"Көзжақсым", "Еркемдерді" талғап, таңдап
жарыса ат қоюшы ең маған бәрің.
Көңілімді кірбің шалса, айыптыдай
сезініп, жасырдыңдар жанарға мұң.
Жасымнан ойларды орып, жыр екшедім,
бұл жолда бәрің маған тілекші едің.
Өнердің алаңы – ұрыс, мені талай
шықты аман алып өлең-күрескерім.
Мінезім әлі күнге оңбай жүрсе,
бар мұнда сендердің де үлестерің.
Балғын шақ оралмайтын бір аңыз ба ед…
Қала емес, шағын ауыл, құба дүзде ек.
Қасым мен қабағыма қараушы еңдер,
"Еркемнің" қай жағынан шығамыз деп.
Ол кезде балауса еңдер ойламаған
шау тартып орнымыздан тұрамыз деп.
"Қалай жүр, сау ма екен?" – деп мені әлі де
жүретін сендер ғана сұрап, іздеп.
Сендерсің – аңсап-талып ел дегенім,
елжіреп сағыныштан, сенделемін.
Бір жасап өздеріңді көрсем болды
жасарып кетердеймін мен де керім.
Қазақтың ошағына құт қондырған,
қартаймай жүріңдерші, жеңгелерім!
1995



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сыр

  • 0
  • 0

Елді ойламас ағаңның
оқ тілінен не пайда,
тамшы тамбас далаңның
от күнінен не пайда?

Толық

Өмір

  • 0
  • 0

Уайым шексін біреулер о дүние туралы,
Ойламаппын мен бірақ ол жайында туғалы.
Өмір деген әдемі соны ғана білем мен,
Жас арудай тартады тірлік шіркін гүл өңмен.

Толық

Өлген ойлар

  • 0
  • 2

Дүние ғапыл, өткінші тағдырың-ай,
кім шығарған жалғанда заңды бұлай?
Болды-толды, өмірден өтті-кетті...
Жер бетінде жүрсе етті жан құрымай.

Толық

Қарап көріңіз