Өлең, жыр, ақындар

Күз

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2374
Қатқақ күз. Дала құнысып,
жүзінде қалмай жаз рай.
Кимеген адам бұғы ішік,
бүрсеңдер арық тазыдай.
Сұлулық қалмай қырда түк,
қоңырқай тартып жарқын жер.
Соғып тұр дымды құрғатып
теріскей жақтан салқын жел.
Астынан нәрлі жер көшіп
шөптердің тамыры ырсиған,
жарытпайтындай енді өсіп
сыңсиды қияқ.
Қыр сидаң.
«Қия алмай бұрын шалғынын
отырушы еді ел көшпей», -
дейтіндер болса, дәл бүгін
тірі адам оған сенбестей.
Қаусайды барлық тамырлар
Жерден – дым, Күннен нәр алмай,
даладан кеткен жалынды әр
аурудан тұрмас адамдай.
Күздегі қырда – нала, мұң,
жеткенше жазғы бал күндер.
Жұтуда нәрін даланың
солтүстіктен соққан салқын жел.
1982



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір құрлық бар түспеген қартаға әлі

  • 0
  • 0

Бір құрлық бар түспеген қартаға әлі,
сыйғызардай төсіне сан қаланы.
Ғалымдар да білмейді оны әзірше,
тек арнайы іздеген жан табады.

Толық

Жақсылық туралы жыр

  • 1
  • 13

Ей, жарық күн, нұрыңды шаш далама,
шаш нұрыңды қарттарға, жас балаға,
ызғар сіңген жеріме шуақ керек,
мұқтаж оған ауыл да, астана да.

Толық

Нарын

  • 0
  • 2

Атырау – ақжарқын ел, жыршы далам,
ән мен күй көкірегінде тыншымаған.
Бабамның тері тамған топырағыңнан
әрқашан жас жаныма сусын алам.

Толық

Қарап көріңіз