Өлең, жыр, ақындар

Қазақтың батырлары

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1796
Шетінен қайсар қылық, батыр қаған,
елі үшін отқа күйіп лапылдаған,
жат біреу жау ниетпен жерін басса,
тымағын баса киіп тақымдаған,
о, менің батыр бабам!
Жанына қуат құйып жайсаң далам,
ханның да қаһарынан тайсалмаған,
көз ілмей жерін қорғап, елін қорғап,
тау асып, сай шарлаған,
о, менің қайсар бабам!
Дауылды дариядай жатыр ғалам,
ғаламның сырын байқап ақын да алаң.
Тылсымда талмаусырап бара жатсам,
намыстың отын жағар атың маған,
о, менің батыр бабам!
Ірітсе іркітімді ірі заман,
кеш мені – үні майда, жыры жалаң!
Күбірлеп әруағыңа сыйынам да,
қаныма атой салар жылу алам,
о, менің ұлы бабам!
Көшсе де жерден жасыл шатырлары,
ізі мен оғы жатыр тақырда әлі.
Уақыттың дауылында ұрпағына
елдіктің жолын сілтеп жатыр бәрі –
қазақтың батырлары!
1980



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жасық

  • 0
  • 0

Жасық бала Ақтайды
қандай адам мақтайды:
әшейінде жалпылдап,
аузы тыным таппайды.

Толық

Жүрегімнің келеді жорамалы

  • 0
  • 0

Жүрегімнің келеді жорамалы,
түсінгем жоқ өзім де оған әлі;
ал кетіскен достардың бәрі маған
түбінде бір қайтадан оралады.

Толық

Қарғыс

  • 0
  • 0

Аңқау, даңғой халқың болсын,
алалыққа баулыр қартың болсын.
Анасын сатқан ұлың болсын,
баласын өлтірген қызың болсын.

Толық

Қарап көріңіз