Өлең, жыр, ақындар

Теңізде – тасқын, далам – сең

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 345
Теңізде – тасқын, далам – сең,
мүлгігенсиді шыңдар құр.
Қызығып көкке қараушы ем
тыныштық-ау деп тұнған бір.
Жайлы өмірді жалған жұтқан ба –
көгімде де жоқ тыныштық,
жұлқыласып жүр бұлттар да
найзағайларын қылыш қып.
Тыным жоқ аспан жақта түк,
жөңкиді бұлттар қара, ала.
Табанымды тайғанақтатып
әлде Жер көшіп бара ма?
Тойымсыз көздей құлқыным,
мейірімді жалмап шер-жебір.
Болмады-ау Жерде бір тыным,
тыншымай қойдым мен де бір.
Дүниеден көшкен нұр сырғып,
қантөгіс әрбір жүректе.
Әрбір кеудеде – күншілдік,
әр досқа деген бір өкпе.
Дүрбелең ғұмыр кешкесін
қонақтамайды ырыс-құт,
Жерімнен тыным көшкесін
жанымнан көшті тыныштық.
Соңым – шөл, алда – бір нүкте -
тамұқтың табалдырығы.
Жетті ме Өмір - жүйрікке
ақырзаманның құрығы?
1990



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Зүбайда

  • 0
  • 0

Жатты да жақын етіп жанашырдай,
жаны кең қазағымның даласындай –
көз тартып көркі менен даналығы
баяғы Қыз Жібектің анасындай.

Толық

Поэзия

  • 0
  • 0

Махамбет аудармашысымен әңгіме
Поэзия –
әйелдей жұмбақ әлем,
сиқыр сырын түсінер тұлға да кем:

Толық

Ақын

  • 1
  • 4

Ақынның нәзік жүрегі
самалдан тоңар гүл еді.
Халқының махаббатымен
ақсұңқар құстай түледі,

Толық

Қарап көріңіз