Өлең, жыр, ақындар

Татумен тіршіліктің ащы зарын

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 419
Татумен тіршіліктің ащы зарын
өмірден кеткенде ерте жақсыларым,
жарамай жоқтауға да, жылауға да,
сағалап жүрдің бәрің басшы жағын.
Ере алмай алай-түлей ағымдарға
көшеде көсем жүрек жарылғанда,
жымиып жылысқансың,
«Асылым!» – деп
сөйлеуге бүгін құқың, арың бар ма?
Елемей елім деген ұланды ерен,
есіртіп жағымпазды қыран деп ең.
Жыққанда ойлыны орға қайсың болдың
«Ойпырм-ай, обал болды-ау бұған?!» – деген?.
Куәмін, маған аян бұрынғы әнің,
бас ұрып биліктіге жығылғаның.
Ел қамын жейтін жалғыз өздерің боп,
көсемсіп қалыпсыңдар бүгін бәрің.
Елім деп безегенмен жүйрік тілін,
ерсіген ерсілердің түйдік сырын.
Қылмыскер – ел қамы емес, өз қамы үшін
сойылын соғатындар биліктінің.
1994



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өрттей алма ұсынып ем, алмадың

  • 0
  • 0

Өрттей алма ұсынып ем, алмадың,
тұрып қалдым жаншылғандай арманым:
- Алма – сезім, ал Сіз мені сүймейсіз…
Естімедім ар жағын.

Толық

Көсемдікке тапшымыз, кеңдікке де

  • 0
  • 0

Көсемдікке тапшымыз, кеңдікке де,
адамдыққа, мәртікке, елдікке де,
сөйте тұра дүниені тындырғандай
баса алмаймыз аяқты кергіп неге?

Толық

Мен өзімнің жауларымды өле қал деп ешқашан қарғамаймын

  • 0
  • 1

Мен өзімнің жауларымды өле қал деп ешқашан қарғамаймын,
Не өксітіп кетсін деп армандаймын.
Қайғы болсын дер едім жан ашығыш, ойшылдау боп кетесің барда қайғың.

Толық

Қарап көріңіз