Өлең, жыр, ақындар

Басынан Қаратудың көш келеді

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 617
«Басынан Қаратудың көш келеді».
Көш келсе - өмірімнің өшпегені.
Естісем елестейді көз алдыма
қазақтың Ақтау, Арқа, Өскемені.
Тарихтың бойламадым өткеліне,
кей адам өткеніне өкпелі ме?
Ал мені ойлантады туған жердің
бүгінгі көк тасы да, бөктері де.
Жылытпай бауыр көңілі, дос демі де,
ілескен қазақ өмір көштеріне.
Көңілдер көлшіктеніп, жайлау қашып,
қалғандай куә болып Көкше, міне.
Қала өсіп Қаратауда, сана да өсіп,
барады әлі күнге дала көшіп.
Көш - өмір қозғалысы. Тек бүгінде
дауысы бозтайлақтың барады өшіп.
Күтумен еркіндіктің таңын алдан,
жұтыпты сол көштерді сағым-арман.
Соңында Қаратаудан көшкен елдің
жаныма мұң сіңірген әні қалған.
Шапқанмен шырқ үйіріп тағы жалған,
көштердің жаны қалған, қаны қалған.
Көшермін мен де мәңгі тек ізімнен
ұрпақтар шырқап салар табылар ма ән…
1984



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Керегіп жүр жаныма басқа бір ән

  • 0
  • 1

Керегіп жүр жаныма басқа бір ән -
қайсарлыққа, өрлікке тастар ұран.
Маңыма ылғи біреулер жиналады
сезімін - сел, жүрегін жас қарыған.

Толық

Азамат Өмірғалиға

  • 0
  • 0

Азамат Өмірғалиға
Жүзі қоңыр болғанмен,
аппақ оның жүрегі,
күлсе шындап күледі,

Толық

Келгеніңде сапардан арып-ашып

  • 0
  • 0

Келгеніңде сапардан арып-ашып
(өз ұяңа әйтеуір жаның асық),
жүрегімен сағынып, жылап-күліп
қарсы алса ғой біреулер жамырасып.

Толық

Қарап көріңіз