Өлең, жыр, ақындар

Биліктінің ойы

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 448
Жүргем бейқам жастықта мұнар шарлап,
билік-бике қоймады жыланша арбап.
Түкірігі түу десе жерге түспей,
жақсы, жаман әкім боп жүр алшаңдап.
Күнелтетін түрім бар тоңып әрең,
дедім енді биліктің соңына ерем.
Төбелесте шыныққан достың бәрін
қойдым осы бәйгенің жолына мен.
Қарап тұрсаң қай басшы дарынды адам,
талайының мен әлі шаңын қағам.
Байқауымша, еркімен ешкімнің де
бере қояр түрі жоқ тағын маған.
Сүйтіп жүріп таққа да жуықтадым,
айналасын тазарттым, уыттадым.
Әуелі жолымды аршыдым, өзге қолмен
осы қалай дегеннің қуып бәрін.
Жан-жағымды шіренген тұлға қылмай,
жидым елдің орташа ұлдарын жай.
Өмірі билік тимеген бұл байғұстар
құрақ ұшар алдымда құлдарымдай.
Адалсынған жандарды қудық та кеп,
ойда жоқта патша боп тудық кенет.
Ең алдымен басшыға кеуде керек,
сосын аздап, әрине, қулық керек.
1996



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Махаббат-нұрмен аңсап тым

  • 0
  • 0

Махаббат-нұрмен аңсап тым
арнадың өлмес маған ән.
Екеуміз кешкен бал шақтың
қайталанғанын қаламан.

Толық

Оянса екен балташы

  • 0
  • 0

Егер де сен,
Солтүстік Америка,
шыға қалсаң қару-жарақ асынып,
жанарыңнан зұлымдық от шашылып

Толық

Үрей

  • 0
  • 0

Жүрегім, қарадың ба
артыңды
шындап, тегі?
Біреу бар, жаңа мұнда

Толық

Қарап көріңіз