Өлең, жыр, ақындар

Төзу керек, бәріне төзім керек

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1120
Төзу керек, бәріне төзім керек,
жанды қайрап, өзіңді өзің жебеп.
Ақты – қара, қараны – ақ дейтіндерге
қыжыл қайнап – жүректе, көзіңде – кек,
жұдырық ап шыдамай жүгіргеннен
тас құдыққа түсесің өзің кенет.
Ақтығыңды кешпейді ешкім саған,
төзім керек төзбестей ешбір сараң.
Шыңыраудың суындай сана тұнып,
даналықпен жер басар кек сіңсе адам.
Шатқалына шындықтың жетем десең,
тек шыдауға, шыдамға жетсін шамаң.
Есті жүрмес басқаның қолын қағып,
бірақ ылғи болмайды жолың жарық.
Өмір өмір бола ма, күрестерсіз
жатса барлық тілегің орындалып
және ақыл, күшіңнің мәні қандай
кетер болсаң отыңа өзің жанып?!
Тек шыдай біл жүректе қаның қатып,
мін мақсаттың пырағын арындатып!
Жалқаулыққа батырар түңілулер,
жанды шыңдар еңбектен арылма түк.
Лап етіп бір түбінде жану – бақыт,
дүниені түп-түгел жалындатып!
1984



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өлімге бел шешу

  • 0
  • 0

Жүрегім өлім сұрайды,
сұрайды менен оңаша.
Өмірден кетсе шырайлы,
өкінер емес ол аса.

Толық

Аралап жүр көктем кеп бар алапты

  • 0
  • 0

Аралап жүр көктем кеп бар алапты,
рақатқа маужырап дала жатты.
Жаңбыр құйып, біздерді жалғыз түйір
қолшатырдың астына паналатты.

Толық

Уақыт ұшып барады

  • 0
  • 0

Уақыт ұшып барады
жапырақтай күздегі күні жеткен.
сырғанайды сұлудың нұры беттен.
Сонда да асықтырасың, өмір, алға –

Толық

Қарап көріңіз