Өлең, жыр, ақындар

Жабайұшқан

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 499
Өмірім - бұлқыныс дәйім
сезеді мұны білгендер ұмтылыс жайын.
Қашаңғы дала кеземін кезеріп ернім -
биігіңді бер, ей, аспан, бір
тыныстайын.
Бұлақсыз, сусыз, япыр-ай, мұнша жер
не еткен,
көрмеп ем дархан даланың құрсағын кепкен. Сахна - жазық, арқалы дирижер - дауыл. Қос дауысқа сап қурай мен жусан әндеткен.
Тыңдайды маңай қурай мен жусанның әнін, үнсіздігінен тұнардай түрсең құлағың. Төбелер мылқау, қимылсыз. Көкжиек жырақ. Өзімді өзім демеумен бусанды жаным.
Шаршаған мендей сусынға кенелмей далам. Шөлдеген жанын қиялмен демер кейде адам. Біткенімде әбден титықтап,
кейбіреу жеткен мәңгілік шырқау бір күні келердей маған.
Осы ма деп ем жаныма нұр шашар мекен, мұнда да күн тасада екен. Бытқылды кезіп қажыдым биікті көрмей, «Жабайұшқаннан» бір қарғып,
шырқасам ба екен.
1979



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кейбіреуге қараймын

  • 0
  • 0

Кейбіреуге қараймын:
желпілдейді түндігі;
керісінше талайдың
қыбыр-жыбыр тірлігі.

Толық

Ұйқы

  • 0
  • 0

Ел ұйқыда. Тым-тырыс,
ауыл иті қалғиды.
Дауыл да жоқ. Қыр тыныш,
тыныштық та әрқилы.

Толық

Жарқыра, Күн!

  • 0
  • 0

Жарқыра, Күн!
Мен бүгінде көктеммін, таң – тұрағым!
Бұл әлемде жабырқап жүргендерге
бір жақсылық етсем деп талпынамын.

Толық

Қарап көріңіз