Өлең, жыр, ақындар

Шеберсің-ау, табиғат, шіркін, ана!

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1219
Шеберсің-ау, табиғат, шіркін, ана!
Алмасса да сан заман ғұрпы жаңа,
заңдылық бір: қояны қойдан бөлек,
жуыспайды батардай бір күнәға,
таныстық жоқ сиыр мен жылқыда да.
Ешкі тұқымдастар да бірге бәрі,
жарасады қосылып үн мен әні.
Түйе атаулы келеде не жалғыздан
мойын созып қарайды Күннен әрі.
Әтеш біткен аққуды тілдер әлі.
Жануар да дейтұғын ұқпас жанды
ұнатады бірі-бірін ықтасқанды.
Қарап тұрсаң, адам да маңайына
жинайды ылғи өзіне ұқсастарды.
Күн тұрғанда жұлдыздар шықпас мәңгі.
Батыр жолдас жандармен серті бірге,
ақын мұңдас, талпынсаң еркін үнге.
Пәтуасыз жандар да бірін-бірі
тауып алар жүрсе де жер түбінде.
Дарақы өзіндейлермен желпінуде.
Жинар біреу маңына тобырларды,
тілсіз, үнсіз аршитын жолын мәңгі.
Суайттар да жүреді жақын тартып
дәл өзіндей қағылған, соғылғанды.
Бір ғажабы, барлығы – құс, аңы да
сыяды ана-табиғат құшағына!
1984



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үй

  • 0
  • 0

Ақ ордам үйім менің
Бөренемен мықындалған.
Сыятындай ішіне бүкіл далам,
әшекейсіз, өрнексіз ағаш үй-ді,

Толық

Диалог

  • 0
  • 5

- Сенсіз қалай күнелтем -
үйленейік, жүр, еркем!
- Мен сүймесем, не етеміз?
- Әлі-ақ сүйіп кетеміз,

Толық

Бай болам деп бір демде

  • 0
  • 0

Бай болам деп бір демде,
омақаспа, қарағым.
Ақыл айтсам мін көрме,
құлақ салсаң, жарадың!

Толық

Қарап көріңіз