Өлең, жыр, ақындар

Жанымның қозғалысы, ағыстары

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 933
Жанымның қозғалысы, ағыстары –
өзіңе бұрыннан да таныс бәрі,
өзіме бағынбайды тасқын судай,
кеудемнен ән ұшқалы.
Қаламын кейде өзімді басқара алмай,
мен – айдын, мынау дүние тас қамалдай,
қиратып, кері жасар
өз бойымнан
күш сезем жасқанардай.
Сандырақ не қиялым емес мұным,
ойымнан шығарғам жоқ мен ешбірін,
сезімім, сезінуім, мәнім – осы,
мазмұным, демек – шыным.
Сен маған үйретесің: "Айтаққа ерме,
аңдап бас, құлашыңды байқап серме!"
Тек содан бір қорытынды шығармай жүр
мендегі найсап кеуде!
Қайткенде арыла алам бұл мәнімнен,
сіңді ме әлде сүтпен, құндағыммен?
Білмеймін, бұл құлықтан құтыла алсам,
жауым аз, мұңдарым кем.
Мінші көп /жоймайды ешкім, менше, мұны/:
тіл безеп түзегісі келсе бірі,
біреуі тірідей-ақ жерлер сені,
жетсе де өз басының терсе міні.
Ал жақпас қылық-дертке жалғыз дауа -
дос қөңіл, ел сенімі.
1980



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мәңгілікпен кездесу

  • 0
  • 0

- Біз мынаны білеміз:
сіздің жүрегіңіз бәрін де батыл жырлайды,
қуаныш, қайғыға батып жырлайды –
сол бізді өзіңізге ғашық еткен.

Толық

Иман жайлы кей имам салар үнге

  • 0
  • 0

Иман жайлы кей имам салар үнге,
жұрт ұйиды көзі де, сөзі де ұнап.
Хафиз ақын айтқандай, ал өмірде
имандылық дегеннен өзі жырақ.

Толық

Күнде үйге асығасың

  • 0
  • 0

Күнде үйге асығасың...
Түсінбес ата-ана ма -
несіне жасырасың,
айтып қой апаңа да.

Толық

Қарап көріңіз