Өлең, жыр, ақындар

Дүниеден өтті бір алып

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1038
Дүниеден өтті бір алып,
дүниеден өтті дара аға,
көсем боп, сосын сыналып,
жайсаңдықтан таймай сонда да,
кешірімді бізге мұра ғып,
мәңгіге кетіп бара ма?
Қарамай ма енді ол сонда
тербеткен өзін далаға,
өзі шырқатқан қалаға –
сыймай тұр менің санама.
Алатау, Алтай, Атырау,
Қаратау, Көкше, Қазғұрт
қайғыда бүгін жатыр-ау.
Жырақтағандай жаз-үміт…
Кемсеңдер бүгін қарттарым,
жыласа да олар жоқ айып.
Балалар тастап доптарын,
сыбырласады мұңайып:
"Қайтыс бопты, - деп,- Қонаев…"
Барласаң бүгін, саналы ел,
мейірімнен одан кім асты?
Артықтау болса "дана" деу,
кемеңгер екені рас-ты.
Жалпылдап ұшқан көп қарға
жаны мен тәні неге сау?
Төтеп бергенмен оқтарға,
жүрек те темір емес-ау,
қинамай, қимай тоқталды, ә?…
Айналам әлі қараңғы,
өмірім – сынығы жасынның.
Жазықсыздар мен адалды
жазалау – мәні ғасырдың.
Үмітпен шашым ағарды,
ағымнан жарылып шашылдым,
өкпем мен ызаны жасырдым,
арамзаларға ашындым…
"Қош, - дейді елің, - ардағым,"
асылдың орнын кім басар?
Түлектерді талай жалғадың –
далаңнан әлі-ақ түн қашар,
жасылға оранар бағымыз.
Жәннатта болғай жаныңыз!
Рухың, аппақ арманың
халқыңмен мәңгі бір жасар…
1993



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Поэзия

  • 0
  • 0

Махамбет аудармашысымен әңгіме
Поэзия –
әйелдей жұмбақ әлем,
сиқыр сырын түсінер тұлға да кем:

Толық

Жеңгелер

  • 0
  • 0

Жаныма жаны жақын ағадан да,
сырды ұғар қабағымнан қарағанда.
Әзілдеп, ақтарылып, еркелетіп,
сендердей ешкім мені бағалар ма?!

Толық

Кит туралы ертегі

  • 0
  • 0

Ерте, ерте заманда,
жаннат Жер мен Көк күмбез
адамдардан аманда,
жонын тосып самалға,

Толық

Қарап көріңіз