Өлең, жыр, ақындар

Сәкеннің ұлы

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 685
Күн кешіп келеді елім былағайлы,
тумады бізге әйтеуір күн арайлы.
Мариям – ақын апам марқұм маған,
айтып еді жылап тұрып мына жайды.
…Кез еді ол – қара-қара, ақ та қара,
қоғамда шындық жоқта бақ қона ма?
Сәкеннің сүйген жарын бір топ солдат
Көкшеден келеді айдап Ақмолаға.
Ойпыр-ай, замананың күші ағын ба,
жеңгеміз батып терең құса-мұңға
пойызда келе жатты жадап – жүдеп
үш жасар жалғыз ұлы құшағында.
«Сәкенім, келсеңші, - деп, - тозды жаным»…
күбірлер белесіне боз жылғаның.
Сезбеді ол сырқат ұлдың жол үстінде
алдында жатып мәңгі көз жұмғанын.
Жер сұрғылт, көк те сұрғылт мұңайғандай,
қаптаған қанден, жерде құмай қалмай.
Солдаттар жас денені алды тартып,
Гүлбарам жатты талып жылай да алмай.
Кеудесін жеңгеміздің зар мекендеп,
өлгенше өксіп өтті «жан көкем» деп,
асылдың тұяғындай жалғыз ұлдың
сүйегі қай жырада қалды екен деп.
Шындық жоқ бұл күнде де, майданда әркім,
тірліктің заңы ма бұл, қайран қалдым.
Ей, тағдыр, кім береді шын жазасын
тарихта әділеттен тайғандардың?
1997



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дауылдар шақырғанда

  • 0
  • 0

Мұндай аппақ қыс болмаған,
бұлт болмаған қауырсындай.
Қаланы көк түс торлаған –
түтін өрлеп дамылсыз, жай.

Толық

Ананың әлдиі

  • 0
  • 0

Мамық төсек салайын,
құшағыма алайын.
Қозым менің ұйқтасын,
арқасынан қағайын!

Толық

Тістену

  • 0
  • 0

Күндеңдер мына мені –
кішіртудің сол шығар бір-ақ емі.
Мен түгілі, мерт болған күншілдерден
Ақанның Құлагері.

Толық

Қарап көріңіз