Өлең, жыр, ақындар

Дәркембайдың Абайға шағынуы

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 788
«Ұлыққа үй тігемін» деген дәлелмен Тәкежан жоқ-жұқа жатақ ауылының біраз жерін тартып алып, бала-шағасы шулаған елдің мұңын Дәркембай Абайға өлеңмен айтыпты», - дейді Серікқазы ақсақал.

Мынау заман, Абай-ау, неткен заман,
адалдықты маңдайға тепкен заман.
Кедей-кепшік тентіреп тірлік кешіп,
біздің елден береке кеткен заман.
Бай-білімсіз, би-кердең, бектер харам,
көзі ашықты кіріптар еткен заман.
Әнші, жырау садақа-пітір сұрап,
көр азабын тіріде шеккен заман.
Мисыз қатын ақылгөй болған заман,
ұлықтардың қалтасы толған заман.
Құлагерлер қапыда құздан құлап,
жағымпаздың жабысы озған заман.
Қашқан заман қарттан-күй, жастардан-ән,
көкірегіңді көк тұман басқан заман.
Аяқ бассаң, дос аңдып қастан жаман,
адам біткен аранын ашқан заман.
Сөзден қадір, ерден серт кеткен заман,
ел есердің азабын шеккен заман.
Сөз, ісінде тұрлау жоқ Тәкежандар,
тағдырларды доп етіп тепкен заман.
Өктемсіген озбырлық оқтан жаман,
талтаңдайды тойынған сотқар надан.
Қайдан, кімнен іздейміз әділдікті,
бастан ұрып тұрғанда шоқпар заман?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Диван жақ бұрышта

  • 0
  • 0

Пеш қалдырды солғын мұнар –
шоқ табын.
Терезелер сөндірді бар
оттарын.

Толық

Белгісіз батырды жоқтау

  • 0
  • 0

Жаудың отын өшірді,
дүниеден көшірді.
Дұшпанның қаны жосылды,
шәйіт болды өзі, ер еді.

Толық

Нерудаға наразылық

  • 0
  • 0

— Не еткен ғасыр бітпейтін!
Қашан сенің жұт кейпің,
жоғалады кара жерден мәңгілік?
Жеткен жоқ па ойқастауың жанды үгіп?!

Толық

Қарап көріңіз