Өлең, жыр, ақындар

Сырласыма

Бұл жүрегім неге барып ұрынды,
Білмей тұрып құтырдымғой құнымды.
Сыр сақтайтын пенде жоққой жанымда,
Ақ параққа ақтарайын сырымды.

Сырлас етем бір жапырақ қағазды,
Сыр ашамын не де болса осыған.
Тапқан екен бұл жүрегім не де болса сабазды,
Кей кездері қорқып үркіп шошығам.

Түнде тұрам сыр айтуға ерінбей,
Ғажап барма мынау асау өмірдей.
Мейлі-мейлі қиын болсын бұл өмір,
Тек алдыға жүре беремін шегінбей.

Сырласым-ау сырымды ұқсын кім менің,
Аз ба?көп па? Мына өмірде білгенім.
Аңқау менің жұдырықтай жүрегім,
Хайырсызға соқтығып қап жүрмегін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар