Өлең, жыр, ақындар

Тостағанды қолға алып

  • 29.11.2015
  • 0
  • 0
  • 12798
Тостағанды қолға алып,
Айқай салған жиырма бес;
Шаншатұғын найзадай
Қылтың еткен жиырма бес;
Шабатұғын қылыштай
Жылтың еткен жиырма бес.
Жиырма бестен өткен соң,
Орда бұзған отыз бес.
Отыз бестен өткен соң,
Қынсыз қылыш қырық бес.
Қырық бестен өткен соң,
Емен шоқпар елу бес.
Елу бестен өткен соң,
Әрмен-бермен алпыс бес.
Жетпіс беске келген соң,
Сексен беске жеткен соң,
Ұлың жүрер ұялмай,
Қызың жүрер тіл алмай,
Сол мезгілде жүрерсің
Белге соққан жыландай.
Сексен бестен өткен соң,
Тоқсан беске кеткен соң,
Шөңге болар түсіңіз,
Жылап тұрар ішіңіз,
Бойдан кетер күшіңіз.
Сол мезгілде болғай - ау
Сыйлайтүғын кісіңіз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ай, Қазы би, Қазы би

  • 0
  • 1

Ай, Қазы би, Қазы би,
Үш таңбалы Майлыбай,
Жайылса жонға сыйғысыз
Әлім деген ел едік;

Толық

Сөз сөйлеймін бөлмелеп

  • 0
  • 2

Сөз сөйлеймін бөлмелеп,
Әр нұсқадан термелеп.
Сөйлеген сайын кетеді
Қызыл тілім өрмелеп.

Толық

Ассалаумағалейкум, алдияр хан

  • 0
  • 2

- Ассалаумағалейкум, алдияр хан,
Молдалар хат жазатын сауыт қалам.
Кешегі ел ұстаған ханзаданың
Сізді де ұрпағы деп бердім сәлем.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер