Өлең, жыр, ақындар

Жас туралы

  • 29.11.2015
  • 0
  • 1
  • 27123
Жиырма деген жасыңыз
Ағып жатқан бұлақтай,
Отыз деген жасыңыз
Жарға ойнаған лақтай.
Қырық деген жасыңыз
Ерттеп қойған құр аттай.
Елу деген жасыңыз
О да бір көшкен ел екен,
Алпыс деген жасыңыз
Қайғылы - мұңлы күн екен,
Сексен деген жасыңыз
Қараңғы тұман түн екен,
Тоқсан деген жасында
Ажалдан басқа жоқ екен.



Пікірлер (1)

Есен

Өте керемет.каналыма тыркелып кетшы пж. Достар.Orka kz.вк да.ОРЫНБАСАР ОРЫНБАСАР.ТЫРКЕЛЫНДЕР.

Пікір қалдырыңыз

Өмірге тоймас адамзат

  • 0
  • 1

Аруды таңдап сүйсе де,
Алтынды үйге кірсе де,
Аспанда жұлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де,

Толық

Он екі айда жаз келер

  • 0
  • 0

Он екі айда жаз келер,
Құс алдында қаз келер.
Айтып-айтпай немене,
Дәуреніңіз аз келер.

Толық

Ай, Абылай сен он бір жасыңда

  • 0
  • 2

Ай, Абылай сен он бір жасыңда
Тұрымтайдай ұл едің.
Он бес жасқа келгенде,
Арқада Әбілмәмбет төренің

Толық

Қарап көріңіз