Өлең, жыр, ақындар

Оралмандар туралы ой

  • 23.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1257
Оралмандар, оралғандар –
Аппақ нұрдан жаралғандар,
Жазықсыздан – атылғандар,
Жапа шегіп – қамалғандар!

Шілдей тозып, жер ауғандар,
Езі – қалып, ері ауғандар.
Ібілістен, сайтандардан –
Аты үркіп, теңі ауғандар!

Өлдің – жіттің, аз-ақ қалдың,
Жатқа сіңіп, азаптандың.
Сонда – дағы, сақтай білдің,
Қазақтығын – қазақтардың!

Манғол бардың, Қытай бардың,
Үнді бардың ... жұтай бардың.
Куәсі боп қалдық біздер,
Көзірі көп ұпайлардың!

Жынға – пері жолыққандар,
Ел қайғысын кері ұққандар: -
Мықтыларды жер аударып,
Кірмелері тоғытқандар!..

Тілді ұмыттық – дозақ бардық,
Шоқынуға аз-ақ қалдық.
Өзімізді жүндей түтіп,
Өзгелерге мазақ болдық!

Оралыңдар, саямыз бар,
«Ақтаңдақта» - бай аңыз бар!
Кешіріммен қараңыздар,
Сіздер бізді, аяңыздар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алтынай (немереме)

  • 0
  • 0

Жылап келдің өмірге сен,
Келе сала жерінбе сен!
Өзіңсіз мен үш ұрпақтың,
Өкілі боп көрінбес ем!

Толық

Өлең жайлы

  • 0
  • 0

Мүсіндедім, теңедім...
Қалжырадым, қажыдым!
Ішімде өлді өлеңім,
Бар-ды қандай жазығым?!

Толық

Сатпайтын нәрсе қалмады

  • 0
  • 0

Көңілім бар даладай,
Елім сүйіп, қолдаған.
Ақын жаны – баладай,
Баланы кім алдаған?

Толық

Қарап көріңіз