Өлең, жыр, ақындар

Алматылық шайыр досқа

  • 18.01.2022
  • 0
  • 0
  • 462
Ақ тұманның астында аяз бетті қарыған,
Алматыда, нөсерде ақындардай арыған...
Аттиланың атының дүбірінен үріккен,
Қоңыр аңдай сендерді сағат сайын сағынам.
Маңдайдағы жазмыш қой,
Жазығым жоқ болса да,
Қарашада құстардан сәлем айттым қаншама.
Пақыр мұңым пысқырған парақтарды
жіберем,
Жауабы жоқ болса да...
Сендер жүрген соқпақтар –
Жусан иісі бораған,
Жегі құрт бар жанымды жапыраққа орағам.
«Цельзар»* маңын себепсіз кезіп жүрем
түсімде,
Барман бірақ, ішуге...
Бозғыл мұнар жамылған Кеңсайдағы
моланың,
Кеңсай келіп құтылған қуғындағы ағаның.
Топырағын иіскеп келуші едік пана деп,
Жазармандар одағын...
Әй, ол пана болмады...
Иен екен аспандай,
Иен аспан астында нөсер күтіп жатқандай.
Есентайдың өзенін шөлмек тасып лайладық,
Кешіп өтіп ат салмай.
Айналайын Алматы!
Арқаңда ойнар күн қайда,
Біздер өткен желкілдеп жастық қайда, жыр
қайда?!
«Арыстандай алшайтып...», арғымақтай
үйретіп,
Ақ жауыннан жасырып шашын жерге
сүйретіп,
Ал шымылдық ішінде асыр салған түн
қайда?...
Өкінішіңді құшақтап, өмір соңы – кетісу,
Белден берен суырып ұзақ жолға бекісу.
Аю қуған арқардай ауып кеттім Арқаға,
Қайырлы болсын сіздерге
Бізден бір қалған Жетісу!..

09. 12. 2009 ж.

* Цельзар – Алматылық ақындардың жиі бас қосатын сыраханасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аңсар

  • 0
  • 0

Осынау бағдарсыз өмірде,
Қай маңнан табылар жол, тұрақ?
Мен сені күтемін қараша желінде,
Бұтадай қалтырап.

Толық

Шаһар. Үнсіздік

  • 0
  • 0

Қалаға жауды қар,
Қамкөңіл бақтарға,
Сүреңсіз қыркүйек ұқсайды ақпанға.
Тәні мұз гүлзардың жүрегін тілгілеп,

Толық

Көктем романсы

  • 0
  • 0

Мұңға байлап қойды мені дала бұл,
Мұнартауға батып күн.
«Жылқы ішінде ұстатпайтын ала жүр...»
Киесіндей бақыттың.

Толық

Қарап көріңіз