Өлең, жыр, ақындар

Ду Фунды қонаққа шақыру

  • 18.01.2022
  • 0
  • 0
  • 394
Бағзы бір ғасырлар қоңырауы түйелер қомында сыңғырлап, талай керуен басының кенезесін кептірген кер даланың кіндігі іспетті шағын шаһардың жым-жырт гүлзарларынан рухыңды іздеймін, шайыр шал!!!

Тым алыс сапардан табаны тесіліп,
Бізге бір күз келді кешігіп.
Жанары сап-сары сағыныш,
Жаңбырлы бораны есірік.
...Жол бойы,
Алжыған сұр төбет
Алая қарайды маған да өшігіп.
Қираған желкендер – жел жыртқан
жалаулар,
Күреңіткен күзгі тау алыстан манаурар.
Шаңы ұшқан атыздар, шашылған сабандар,
Асыққан қадамдар, талыққан жанарлар,
Ішінде інім бар, ағам бар,
Таң ата базарға жөңкілген адамдар.
Осылай шығар-ау, мың жылдың алдында
Өзіңді апарып жерлеген жарандар...
Жоқ, атай!
Сені де апарып жерлемей бұл халық,
Уайымға мастанып әлі жүр жынданып.
Өзің жоқ, шарапқа сарығы басылмай,
Көрші қарт әлі отыр өзегің мұң қарып.
Жұбатып ішіп қайт, оған да бір барып!!
Сілелеп құртатын мұрсаңды,
Адамдар қасіретке құрсаулы.
Мәйхана төрінде жыр оқып отырам,
Дос тұтып өзіңнен аумаған бір шалды.
Жабықса шарапқа шер төгер,
Ақымақтау ақын ем, жауына да еркелер.
Өмір деп соққан бұл жүрегім,
Бір күні өртенер.
Қамыққан халымды біліп қайт,
Қаласаң қорланған ақындарды ерте кел.
Қарсы алар ешкім жоқ,
Шықпаймын жолға да,
Тірліктің құлымын, өмірге қолбала.
Қираған шараптың күбісі,
Жел ұшырған лашық,
Түсіме кіреді бораны құтырған сор дала.
Оу, ақын шал, қысқасы,
Тойып бір құлайық,
Ал маған жетпей жүр сол ғана...

18. 10. 2004 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Елубайдың құдығы

  • 0
  • 0

Ай астында ақ қырауға малтығып,
Қаңтар желі қарашығыма қар тығып.
О, бейкүнә, меңіреу құдық
Мен сені,

Толық

Бозінген

  • 0
  • 0

...Бозарған шудасы желкілдеп,
(Мезгілсіз ағарған Анамның шашындай).
Аңқасын кептірген шөлі бір басылмай,
Күн ұзақ кезеді туған жер жотасын,

Толық

Александрия маягы

  • 0
  • 0

Шетсіз-шексіз мұхиттан аттап өтіп аласа,
Босағама келді үнсіз қартаң жүзді қараша.
Қабағында қорқыныш, әлде уайым,
Әлде мұң,

Толық

Қарап көріңіз