Өлең, жыр, ақындар

Елегізу

  • 18.01.2022
  • 0
  • 0
  • 195
Сере сере, сере қар,
Сені күттім селкілдеп,
Күз бораны іргемді көтереді кеңкілдеп.
Сеңгіл тұман ішінде боз шудасы желкілдеп,
Боз жауында сонау-у-у жыл қалып қойған
көшімнен.
Бозадырда жоғалған інген кірді түсіме,
Бір емшегі тесілген,
Тілерсегі кесілген...
Мынау мәңгүрт, меңіреу дүниені қарқ қып,
Боз бұйдасын жұлқылап боздады-ау бір
жарықтық!
Қарашада қар жауар, қармен бірге зар жауар,
Уа, Шығыс аспанын шулатпаңдар, қарғалар!
Көзім жасын көп ішкен мұңаясың жер неге,
Көшпенділ ер жебесі бата ма әлі кеудеңе?
Мына әлемге һәм адал ниетімдей бір ізгі,
Серіліктаудың басынан сыңсып жетті сыбызғы.
Бүгін саған дүние, белгісіздеу дерегім,
Алтай қолда тұрғанда Мен мен едім, мен едім.
«Басы сайран, түбі ойран» – дүние жолы кіл
аңғар,
Тобылғы түбін босатып, неге ауады жыландар,
Толарсақтан тер қатып, неге ауады бұландар?
Мынау жансыз мезгілге сұрап тұрмын жан
сауға,
Ат шалдырып қайтайын атам құны бар тауға.
Селдер жүрген бұлаққа жасым сығып
қайтармын,
Бұлақ басы суалса басым сығып қайтармын.
Қарашада жауған қар тас бетінде ериді,
Тасқа туса тарлан боз табан күші кемиді...
Ақ тұмсығын күн шалған аспан текті шайырдан,
Оңқай соққан құба жел!
О, құштарын айырман!
«Ақын симас табытқа» теріс біткен өлеңмен,
Түннің зілдей мүрдесін көтеріп ап келем мен...

20. 11. 2012 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бақидағы Нәзилла

  • 0
  • 0

Жапырақша жауған қарды кешіп бір,
Аппақ ұлпа тұмандарды тесіп қыр.
Сәл ескірген қабіріңді қақ жарып,
Жалғыз шыбық көкке ұмтылып өсіп тұр.

Толық

Топырақ

  • 0
  • 0

Жесірлер жасынан көктеген,
Дәуірлер ғазалы бір соқпай өтпеген.
Мен сені еске алам жаралы тораңғы,
Бауырыма басамын топырақ анамды,

Толық

Гүлсары

  • 0
  • 0

Кісен қиған тілерсегім дірілдеп,
Кекіліме түн жаңбыры сібірлеп..
Қайран өмір!
Сенің жым-жырт көшеңді,

Толық

Қарап көріңіз