Өлең, жыр, ақындар

Көрдегі хал

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 441
Бір адам түсінде өліп қалған екен,
Өмірінде – намазхан болған екен!
Айбатымен – ол жерге қойылған соң -
Мүңкір, Нәңкір кіріп барған екен.

«Раббың кім?» –« Раббым – Алла, құбылам – Мекке,
Ей, періште, жағдайымды қиын етпе!
Мұхаммед үмметімін, кітабым – құран,
Көп сұрақпен қинама, мені текке».

Деген соң, жүрегімді суырып алды,
Мұсылмансың ба?- деп, оны қуырып алды.
«Жоқ, мұсылман емеспін»,- деді, жүрек,
Үш рет сұрақ қойды! Буынып енді,-

Көр қысты, сонан кейін, төрт жағынан,
Жан-жағынан тістеледі, шаян, жылан.
Оянып кетті, жігіт, түсі екен,
Шошыды, көрде солай жатқанынан!

Оянып, ойға шомды, зарлап, түн-ай,
Ұстаздан сұрады, сосын былай;
«Тілің қақсап тұрғанмен, жауап беріп,
Ділің әлі мұсылман болмапты ғой!»

Деді-, ұстаз, жүрекке иман жеткіз,
Ішіне иләһи сыйдан төккіз.
Ықылассыз намазбен пасық кеуде
Алла алдына барасың, қалай бетсіз?

Жан мұсылман болғанда, рахат – көр де,
Ол дүниеде азап та, болмас, шер де.
Амалыңа киілер – Рух шешіліп,
Ғажап сыйлар берілер, нағыз ерге!

Тіл ғана емес, жанымыз Алла-, десін,
Жүрек жаста – тахажжудте, таңда, бесін!
Ей, адамдар, - тілекшім, - бауырым, досым,
Бәрімізге – екі дүние бақыты нәсіп босын!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Періште қанатынан

  • 0
  • 0

Періштенің қанатынан қауырсын алып,
Жыр жаздым – мөп-мөлдір!
Нұрыма ғұсыл ап, тауым қуанып,
Гүл қылып, қаулатты, қайғысын шеккен жыр!

Толық

Бабам

  • 0
  • 0

Жасылға бөкккен аймаққа келдім,
Бұл сұлулуқты қай бақта көрдім!
Нұрға малынып, жайнап па, көркің,
Яссауи бабам!

Толық

Ақ жауын

  • 0
  • 0

Ақ жауын жауды, ағыл да тегіл,
Кемпірқосақ боп, көңілім егіл.
Күй төкті, жаным, жылаудан іскен,
Себезгі сезім жүрекке себіл.

Толық

Қарап көріңіз