Өлең, жыр, ақындар

Сенің қалауың

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 355
Қан түсті киді, гүл біткен бүгін – сенің қалауың,
Шабытқа мінді, жыр күткен күнім, сенің қалауың!
Нұрлар құйылды, түңдіктен, бүгін – сенің қалауың,
Сенің қалауың, Ием, сенің қалауың!!!

Махаббат ашты әлем пердесін, сенің қалауың,
Дүниеден қашты, көлеңкем, несін, сенің қалауың!
Ғибадат еткен – көрер пендесін, сенің қалауың,
Сенің қалауң, Ием, сенің қалауың!

Аллам, Аллам! Сенің қалауың!

Домбырам қозғар, зар күйін, бүгін, сен әмір етсең,
Шешілер, сиқыр, бар түйін, бүгін, сен әмір етсең!
Рух болып, көкте қалқиын, бүгін, сен әмір етсең,
Сен әмір етсең, Ием, сен әмір етсең!

Мақшар алаңы – сапқа жыйнайды, сен әмір етсең,
Жауыз болғандар жасын тыймайды, сен әмір етсең!
Сүйіктілерді отқа қыймайды, сен әмір етсең,
Сен әмір етсең, Ием, сен әмір етсең!

Мизан құрылып, сират түзілер, бар билік сенде,
Шаң тозаңындай жақсылық сүзілер, бар билік сенде!
Зұлымдық сонда, қылдай үзілер, бар билік сенде,
Бар билік сенде, Ием, бар билік сенде!

Жер тегістеліп, сұр үріледі, бар билік сенде,
Аспан жабылып, сұр үріледі, бар билік сенде!
Шерменде қылма, бұл күні мені, бар билік сенде,
Бар билік сенде, Ием, бар билік сенде!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұл – сұлу муза

  • 0
  • 0

Жанның күлкісі – сыңғыры қандай!
Сыйқырлы дауыс, бұлбұлы қандай!
Жүрегі пәктің әр күні қардай,
Бұл – сұлу муза!

Толық

Дала қызғалдаққа шомылып жатыр

  • 0
  • 0

Опа-далабын бұлттардан жағып ап,
Көкжиек қызарды – найзағай соғып ап.
Хош иісі барады- кеудені жарып-ақ,
Дала- қызғалдаққа шомылып жатыр.

Толық

Сағынышым – сен ғана

  • 0
  • 0

Тау тылсымын жаным көрді – тылсымымыз тым ұқсас,
Жасылымды жаяйыншы, - босат мені, құлыпты аш!
Қара еді, ағарыпты – су астында тұрып тас,
Сағынышым – сен ғана!

Толық

Қарап көріңіз