Өлең, жыр, ақындар

Қызыл ішік киген дүние-ай

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 221
Рухың – бұл дүниеде бәрібір жалғыз, жетім-ді,
Жаны жұтаңдар – қансорғыш, кене секілді!
Арыстан – үнсіз, түлкінің сөзі өтімді,
Қызыл ішік киген дүние-ай!

Қарқылдамайын десең, - қарғамен бірге отырма,
Қирайды, бір күн – Ханға тігілген шатыр да.
У-ды көп ішкізген – киелі Биге, Батырға,
Қызыл ішік киген дүние-ай!

Жаны жомарттың жағасын қандап қояды,
Жетесіздер тек – ішіп-жеп қана тояды.
Қыза алмай тұр ма, алтын ғасырдың тойы әлі,
Қызыл ішік киген дүние-ай!

Бұл көштің мұңы – бұрынғы көштен ерекше,
Хайуан – адамға! Адам айналған – терекке!
Қиямет жақын – бізге осы тартыс керек пе?
Қызыл ішік киген дүние-ай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көркемсің Ием

  • 0
  • 0

Көркемсің, Ием, көркемнен,
Нұр жұтып алдым, өлкеңнен.
Қара пиғылдар – қарғадай
Күн-сезіміме өртенген!

Толық

Пәкизә көркемім

  • 0
  • 0

Қуанышыма гүл шаштың ба екен,
Ақық, маржаннан жыр шаштың ба екен?
Сенімен нәзік сырластым ба екен,
Пәкизә көркемім!

Толық

Жалғызым сен

  • 0
  • 0

Тылсымдағы тереңіңе қарай алсам, келермін,
Иләһи қызметіңе жарай алсам, келермін!
Бойымдағы арамшөптен ада болсам, келермін,
Жырым, Жалғызым - Сен!

Толық

Қарап көріңіз